Қазақстан • 28 Шілде, 2020

Құрылыс бағытындағы құжаттарды рәсімдеу мерзімі 103 күннен 18 күнге өзгерді

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде құрылыс бағытындағы құжаттарды рәсімдеу мерзімі 5 есе қысқарды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Құрылыс бағытындағы құжаттарды рәсімдеу мерзімі 103 күннен 18 күнге өзгерді

Бұрынғыдай бір құжатты қолға алу үшін 103 күн емес, 18 күн жетеді. Ал сәулет-жоспарлау тапсырмасы, топография және техникалық жағдайлары бар жер учаскелерін беру үшін үш рәсім біріктірілді.

Осылайша, құжат шаруасы 17 күнге дейін қысқарып отыр. Сонымен бірге, техникалық тұрғыдан қарапайым нысандарды салуға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу және сараптамадан өту рәсімі толық алынып тасталды.

Мұның бәрі  кәсіпкерлік ахуалды жақсарту мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін қолжетімді болып отыр.

Сонымен қатар бизнестегі кедергілерді азайтуға, рәсімдерді оңайлату мен мемлекеттік қызмет алудың уақытын қысқарту үшін де бұл өзгерістің маңызы зор.