Алматыда ІІМ бастамасымен Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің пробация қызметін одан әрі дамыту және шартты түрде сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуді жетілдіру бойынша өңірлік семинар өтті.
Алматыда ІІМ бастамасымен Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің пробация қызметін одан әрі дамыту және шартты түрде сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуді жетілдіру бойынша өңірлік семинар өтті.
Мемлекет басшысы қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңын іске асыру мақсатында және қылмыстық-атқару жүйесіндегі қылмыстық заңнаманы ізгілендіру аясында пробация қызметі құрылды.
Пробация қызметінің функциясына бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындау ғана емес, сонымен қатар, шартты түрде сотталған адамдарға білім, кәсіп алуда, оларды жұмысқа орналастыруда, емдеуде, сондай-ақ құқықтық көмекті қамтамасыз етуде әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету де жатады. Семинарда пробация қызметін одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттары айқындалды. Жергілікті атқарушы органдармен және өзге де мемлекеттік органдармен іс-қимыл жасаудың бірлескен алгоритмі пысықталды.
Сонымен қатар, бірінші кезектегі бірлескен міндеттер де сараланды. Семинар қорытындысы бойынша заңнаманы одан әрі жетілдіру және жергілікті атқарушы органдар мен пробация қызметінің тиімді өзара әрекеттесуі туралы ұсынымдар қабылданды.
«Егемен-ақпарат».