Аймақтар • 28 Шілде, 2020

Алматыда Құрбан айт мерекесінде 14 полиция бекеті жұмыс істейді

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында Құрбан айт мерекесінде 14 полиция бекеті жұмыс істейді. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Алматыда Құрбан айт мерекесінде 14 полиция бекеті жұмыс істейді

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 шілдедегі № 53 қаулысына сәйкес Алматыға кіре берісте қалаға жануарлардың әкелінуінің алдын алу және жолын кесу үшін бекеттер ұйымдастырылды.

– Көлік, оның ішінде жануарларды тасымалдауы мүмкін болатын жүк көліктері тоқтатылатын болады. Осыған байланысты біз азаматтарды саналы болуға, заңға бағынуға және ең алдымен коронавирустық инфекцияны азайтуға бағытталған талаптарды қатаң сақтауға шақырамыз. Алдында құрбандық шалудың нақты алгоритмі жарияланған болатын және жаһандық пандемия жағдайында оны ұстанған дұрыс, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Алмасбеков.