Аймақтар • 28 Шілде, 2020

Қарағанды облысында жауған бұршақ үйлердің шатырын тесіп өтті

857 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай ауданының Самарка ауылында бүгін ірі бұшақ жауды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды облысында жауған бұршақ үйлердің шатырын тесіп өтті

Тұрғындардың айтуынша, жауын-шашынның зияны олардың бау-бақшаларындағы көкөністерге тиген.

Instagram желісінде Қарағанды облысы Абай ауданы Самарка ауылының тұрғындары бөдене жұмыртқасындай ірі бұршақ жауғанын көрсететін суреттер орналастырған. Кейбір желі қолданушылар жауын-шашынның осындай рі болғанына сенбей, таңқалып отыр. Алайда тұрғындар бұршақ олардың бақшаларындағы жемістер мен көкөністерін зақым келтірді деп шағымданады, ал бір үйде жауған бұршақ тіпті шатырып тесіп өткен. Қарағанды облысында жаңбыр мен бұршақ түрінде жауын-шашын болатыны туралы бұған дейін Төтенше жағдайлар департаменті хабарлаған болатын. "Қарағанды облысы бойынша 29 шілде күні кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін (көбінесе облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында). Жел солтүстік, солтүстік-батыстан секундына 9-14 мтер, солтүстікте, шығыста және орталықта 15-20 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 23-28 метр болады. Ауа температурасы түнде +8-13, оңтүстікте 16 градус жылы, күндіз +18-23, оңтүстікте +26-31 жылы болады", - делінген хабарламада.

Л

Әзірге жауын-шашын салдарынан туындаған шығындар белгісіз.