Талапкердің таңдаған мамандығы тағдырына тікелей әсер ететініне талас жоқ. Арман-мақсатыңа жету үшін әуелі таңдау жасауда жаңылыспаған абзал. «Керек тастың ауырлығы жоқ» дегендей, мамандық таңдаудың маңызына тағы бір мәрте тоқталғанды жөн көрдік. Көңілі қалаған кәсіп көлеңке сияқты өмір бойы қасынан қалмайтынын қаперде ұстаған түлек қайырлы қадам жасауға қанаттанары сөзсіз.

Көшеге шықсаңыз да, қоғамдық көлікке мінсеңіз де шаңырағына шарқ ұра шақырып жатқан оқу орындарының жарнамасын көресіз. Түлектер де түрлі таңдаудың табалдырығында табан тоздырып жүргені анық. Қайда барамын? Кім боламын? Қайсысы дұрыс? Сан сауал күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айыратыны айтпаса да түсінікті. Қазір жас түлектің жанарына мұң, қабағына уайым ұялататын ұлттың болашақ маманы болу емес, ұлттық тестілеудегі шектік балдың шекарасын қиып өту сияқты. Жолы болып жоғары балл алғандар үздік университеттердің үміткері, таңдаулы оқу орындарының талапкері атанады. Ал бабы келмей, балы жетпей қалғандар ше? Амалсыздан колледждер мен кәсіптік техникумдардың есігін қаға ма?
Нұр-Сұлтан қаласындағы Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының педагог-психологы Аршагүл Мошке аталған оқу ошағын биыл бітірген жас түлектердің басым бөлігі физика-математика бағытындағы техникалық мамандықтар бойынша таңдау жасағанын жеткізді.
«Ең бастысы, жүрек қалауы. Мамандық таңдау мәселесі жасөспірімдер өмірінің ең маңызды да жауапты кезеңі болғандықтан мектепте психологиялық қызмет барысында оқушылармен мамандық таңдауда қолданылатын психологиялық диагностика бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қорытындысының негізінде психологиялық кеңес беріледі. Олардың бойындағы мазасыздық, уайым мен қорқыныштарын жеңуге бағыттап, мотивациялық тренингтер өткізу арқылы сенімділікке жетелеп, армандарына жету үшін алдына мақсат қойып талаптануға бағыт-бағдарлар беріледі. Сонымен қатар ата-аналармен де түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, ағарту жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі қоғамдағы заман талабы тудырған сұранысқа ие мамандықтар жайлы ақпараттармен бөлісеміз. Мамандық таңдау мәселесінде оқушыларды алдын ала психологиялық дайындау мақсатында жоғары оқу орындары мен колледждерден арнайы мамандар шақырылып, кездесулер өткізіп, мамандықтар бойынша ақыл-кеңестер беріледі. Түлектердің басым бөлігі техникалық мамандықтар бойынша таңдау жасады. Бұл жас ұрпақтың білім мен ғылымның дамуының даңғыл жолына бағыт алып, ғылым мен техниканың, технологияның жедел дамуына үн қосып, заман талабына бейімделгісі келетінін аңғартады», дейді педагог.
Ұлттық бірыңғай тестілеудің ұпайы кез келген түлектің келешегіне әсер етпей қоймайтыны анық. «Талпынған адам тастың өзіне де шеге қағады» деген ілгерідегі ілім иелерінен қалған қанатты сөз бар. Білім сынағына білек сыбана дайындалып, еңбегінің жемісін жеп, ең жоғары ұпайды еншілеген бітірушілер де бар. Мысалы, биылғы ҰБТ-ның алғашқы күні ең жоғары балды Түркістан облысы, Ордабасы ауданының тумасы Абзал Әбдіманап еншіледі. Теспе орта мектебінің түлегі 140 балдың 138-ін алған. Мектепті жақсы үлгеріммен бітірген Абзал ҰБТ-да биология және химия пәндерін таңдаған. Енді медицина факультетіне оқуға түсуді жоспарлап отыр. Өзіне сенімді түлек болашақта тіс дәрігері болуды қалайды. Талапкер қатарластарына да тек өз біліміне сенуге кеңес беріп, сәттілік тіледі.
М.Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті Жоғары гуманитарлық мектебінің, жалпы білім беру пәндер кафедрасының меңгерушісі Расул Қарғашұлы мамандық таңдағанда бірнеше факторды ескеру қажет екенін алға тартады.
«Жұмыс беруші тек теориялық білімге қарап емес, кез келген саладағы істі атқара алу қабілетіне және меңгерген машықтарына қарап жұмысқа қабылдайды. Тағы бір маңызды мәселе – таңдаған жоғары оқу орнын бітірген түлектердің жұмысқа орналасу пайызы қанша екенін ескеру қажет. Егер түлектерінің жұмысқа орналасу пайызы жоғары болса, онда берген білімі сапалы деуге болады. Университеттің негізгі мақсаты – қызметін бірден атқара алатын білікті маман дайындау. Егер университет түлегінің жұмыс табуда жолы болмай жүрсе, не білімі төмен, не қажетті дағдылары жоқ деген сөз. Жастар болашақта жақсы маман болуы үшін терең оқу, көп ынта қажет. Оқу немесе өндірістік тәжірибеге бөлінген уақытты тиімді пайдалану керек. Тегін болса да, практикалық тәжірибенің болашақта берер көмегі мол, ал жұмыс беруші компания үшін өзіне жұмыс білетін болашақ маман даярлауға жақсы мүмкіндік», деді Р.Қарғашұлы.
Университетте биыл ҰБТ-да қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерін таңдаған түлектерге арналған «Қазақ-ағылшын тілдері және лингвистика» атты бірегей бағдарлама жұмысын бастайды. Бағдарлама аясында медиалингвистика, тіл және аударма, қазақ тілін шет тілі ретінде үйрету, Minor in Conference Interpretation (конференцияда аударма жасау), Minor in TOLES (Заң саласындағы ағылшын тілін оқыту) сияқты қосымша мамандықтар таңдауға мүмкіндік бар.
Қалай десек те соңғы шешім түлектердің түйсігіне тіреліп, көңіл қалауының көрсеткішімен шешілері анық. Бірақ болашағына болжам жасаған бітірушінің алдында арман, мақсат, мүдде деген үш бағыт үнемі жол сілтеп тұруы керек.
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Елорда • Бүгін, 10:44
Қазақстандықтар депозит бойынша қай банкке көп сенім артады?
Экономика • Бүгін, 10:41
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Бүгін, 09:58
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:26
Түркістанда 5 адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Бүгін, 09:25
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:17
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • Кеше
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Кеше
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Кеше
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Кеше
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Кеше
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Кеше
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Кеше
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Кеше
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • 26 Ақпан, 2021
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • 26 Ақпан, 2021
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар лауазым өкілі тағайындалды
Президент • 26 Ақпан, 2021
Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы бірқатар елге гуманитарлық көмек берді
Қазақстан • 26 Ақпан, 2021
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан биржалық крипто-айналымның 1% -ын өзінің биржаларына аударуды жоспарлап отыр
Қаржы • 26 Ақпан, 2021
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Елордада жексенбіде СОО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы іске қосылды
Елорда • 26 Ақпан, 2021
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қымбатшылықтың себебін түсіндірді
Экономика • 26 Ақпан, 2021
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • 26 Ақпан, 2021
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • 26 Ақпан, 2021
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар