19 Қазан, 2013

«Көрермені аз спектакльдер келесі маусымға өтпейді»

363 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

М.Әуезов атындағы акаде­мия­лық драма театрының 88-маусымы «Бейбарыс сұлтан» спектаклімен ашылды. Театрдың жаңа директоры Еркін Жуасбектің басшылығымен көрерменді көбейтіп, жаңа заманға бейімделуге бел шеше кіріскен ұжымға бұл күндері жас актерлар, режиссерлар, қойылымдардың сапалы шығуына атсалысатындар, басқа да мамандар тартылуда. Үлкен залдағы 800 кісілік орындық жаңаланып, театр алдына үлкен LED экран қойылыпты. Ол арқылы тәулік бойы спектакльдер жарнамаланып, актерлар туралы ақпараттар берілетін болады.

М.Әуезов атындағы акаде­мия­лық драма театрының 88-маусымы «Бейбарыс сұлтан» спектаклімен ашылды. Театрдың жаңа директоры Еркін Жуасбектің басшылығымен көрерменді көбейтіп, жаңа заманға бейімделуге бел шеше кіріскен ұжымға бұл күндері жас актерлар, режиссерлар, қойылымдардың сапалы шығуына атсалысатындар, басқа да мамандар тартылуда. Үлкен залдағы 800 кісілік орындық жаңаланып, театр алдына үлкен LED экран қойылыпты. Ол арқылы тәулік бойы спектакльдер жарнамаланып, актерлар туралы ақпараттар берілетін болады.

Сол сияқты, өнер адамдарының қалың көрерменімен байланысын нығайту мақсатында «Баспасөз қызметі» бөлімі жұмысқа кірісті. Театрдың үздік қойылымдарының бейнетаспаға кәсіптік деңгейде сапалы жазылуын қамтамасыз ететін «Дыбыс және бейнежазу» студиясы ашылып, оған да кәсіби мамандар тартылып жатқан көрінеді. Театрдың 45 жылдық тарихы бар музейі кеңейтіліп, жаңадан жабдықталған. Екінші қабатқа қара шаңырақтың 90 жылға жуық тарихын қамтитын экспонаттар орналастырылыпты.

Бір сөзбен айтқанда, мұнан былай театрға келген көрермен оны тек спектакль ғана тамашалайтын орын емес, киелі өнер ордасы, жақсы демалыс сыйлайтын рухани мекеме ретінде тануы үшін түрлі тетіктер қарастырылуда.

Әуезов театрының көркі, театр ғимараты алдындағы субұрқағы болатын. Осы жазда Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен театр ғимараты алдындағы субұрқақ қайта көкке шапшыды.

Ең бастысы, бүгінгі заманның көрермені үйде отырып-ақ қалаған спектакліне қалаған күні ұнаған қатарынан электрондық жүйемен билет сатып ала алатын болды.

Сонымен, жаңа маусымда қалың көрерменімен қайта қауыш­қан театр басшылары мен актерлары БАҚ өкіл­дерінің сан алуан сұрақтарына жауап беріп, жаңа премьералардың қараша айына жоспарланып отырғандығын мәлімдеді. Олардың бірі М.Ма­ғауин повесінің желісі бой­ынша режиссер М.Қапалбаев сах­налап жатқан «Шақан шері» бол­са, келе­сісі – жас режиссер Е.Нұр­­сұл­тан қоятын «Жетім тағ­дыр» (авторы Ж.Ерғалиев) спек­такльдері.

Соңғы жылдары Әуезов театры жаңа қойылымдарға кенде емес. Оның көпшілігі көрермендер көптеп жиналатын сүйікті спектакльдерге айналып үлгерді. Алай­да, үздіксіз бір-біріне ілесіп жатқан жаңа пьесалардың барлығы драматургия талаптарына сай келе бер­мейді. Оған қоса, сәтті қойылым бол­са да өз міндетін атқарып, жұртты жалықтыра бастаған спектакльдер де бар. Қысқасы, жыл сайын 5-6 спектакльдің премьерасы жүреді. Репертуар байыған сайын қойылымдардың сахнаға шығу кезегі де алшақтай түсетіні аян. Осы мәселеге орай театр директоры Еркін Жуасбек көрермені аз спектакльдер келесі маусымға жолдама алмайды деді.

Талғамы шексіз бүгінгі көрер­мен үшін театрдың 88-маусымы мүлде жаңа үрдіспен басталды. Әуезов театрының мақтанышы бол­ған әрі шығармашылық байлығы саналатын өнер тарландары жаңа маусымды Қызыл кілем үстінде шерулетті. Театр фойесіндегі салтанатты сәтке қалың көрермен қошемет білдіріп, Сәбит Оразбаев, Құман Тастанбеков, Меруерт Өтекешова, Ғазиза Әбдінәбиева, Торғын Тасыбекова бастаған сахна майталмандарын төрге оздырды.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ.

Суреттерді түсірген: автор.

Соңғы жаңалықтар