Павлодар өңіріндегі Экономикалық тергеу департаменті бақылау басқармасының басшысы Жоламан Қиналбековтің мәліметінше, облыс орталығындағы дәріханалардың бірінде елімізде тіркелмеген дәрі-дәрмек саудаланған. Барлығы 22 түрлі препараттардың 670 орамасы анықталып, тәркіленді.

Дәрілердің тіркеу куәлігі мен дәрі-дәрмек сараптамасында қауіпсіздік және сапа сертификаты болмағандықтан заңсыз әкелінген. Қазір аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ шілде айынан бастап департамент қызметкерлері дәрі-дәрмекті шамадан тыс бағамен сатудың сегіз оқиғасын анықтады. Үш дәріхана иесі мен қызметкерлері айыппұл төлеуге мәжбүр болған. Қазір оларға фармацевтикалық қызметпен айналысуға тыйым салу мәселесі қарастырылуда. Ал № 3 қалалық ауруханаға 1,5 млн теңгеге Nur Otan партиясы қалалық филиалы, кәсіпкерлер, мәслихат депутаттары көмек көрсетті. Көмек барысында медициналық құрал-жабдықтар: тонометр, залалсыздандыруға арналған құралдар, 200 жиынтық төсектік орын берілді. Партия өкілдері бастаған топ бұған дейін 8,5 млн теңгеге Баянтау, Мойылды провизорлық орталықтарына және психоневрологиялық диспансерге де дәрі-дәрмектер жеткізген.
Қазір өңірдегі провизорлық орталықтарда 25 дәрігер, 47 медбике, 50 санитар жұмыс істеуде. Қазір онда 177 жеңіл және орташа деңгейдегі науқас жатыр. Орталық ашылған күні 250 адам болса, осы күнге дейін 120 адам сауығып шықты.
Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов өңірдегі тұрақтандыру қорынан бөлінген дәрі-дәрмектердің облыс орталығындағы дәріханаларға бөліну барысын тексерді. Қаладағы 44 дәріханаға дене қызуын түсіретін, вирусқа қарсы препараттар, сондай-ақ антикоагулянттар мен антибиотиктер келіп түскен. Ал дәріханалар фармацевтері парацетамол, ксарелто, сумамед, цефтриаксон және сұранысқа ие тағы басқа дәрі-дәрмектер әкелінгенін,болжам бойынша оның көлемі бір аптаға жеткілікті екенін айтып берді.
– Қазіргі міндет – дәріханалардағы дәрі-дәрмек қорын екі апталық көлемге, содан соң бір айлық көлемге дейін арттыру. Күзгі кезеңге дайын болуымыз керек, – деді өңір басшысы.
Жалпы, дәрі-дәрмектердің тұрақтандыру қоры дәріханалық желіде дене қызуын түсіретін, вирусқа қарсы препараттар, антибиотиктер мен антикоагулянттар тұрақты түрде болуы үшін құрылған. Тұрақтандыру қорын іске қосу кезінде Ә.Сқақов әр қала мен аудандағы эпидемиялық жағдай жөніндегі нақты ақпарат негізінде дәрі-дәрмектерді өңір дәріханаларына әділ бөлуді тапсырған болатын. Сонымен қатар облыс әкімі дәріханаларға дәрі-дәрмектердің түскені туралы тұрғындарға уақтылы және толық ақпарат беру қажеттігін атап өтті.
Тұрақтандыру қорының бірінші легінен дәрі-дәрмектерді облыстың 88 дәріханасы алды. Оның тізімін қалыптастыру салалық қауымдастықтың қатысуымен өтті. Жедел штабта осыған дейін сатылымға түскен препараттардың барлық атауы мен дәріханалардың мекенжайлары жарияланды. Тұрақтандыру қорынан келіп түскен дәрі-дәрмектер Павлодардағы – 44, Екібастұз қаласы мен ауылдық аумақтарында – 25, Ақсу қаласында – 4, ауылдық аумақтарындағы 15 дәріхана дәрі-дәрмек алды. Оны жеткізу «Павлодар» ӘКК, жеткізуші компания, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің департаменті, кәсіпкерлік және сауда басқармасы, сонымен қатар «Қазмедфарм» ЖШС дәрігерлері, провизорлар мен фармацевтер қауымдастығына міндеттелген. Нәтижесінде «Павлодар» ӘКК және еліміздегі фармацевтикалық компаниялардың бірі өңірдегі және еліміздегі эпидемиялық жағдайға байланысты сұранысқа ие дәрі-дәрмектің 37 түрін өңірдегі дәріханаларға үздіксіз жеткізуге мүмкіндік беретін келісімге қол қойды.
Өңірдегі дәріханаларға 90 мыңға жуық қаптама мен құтыдағы антибиотиктер, 61 мыңнан астам қаптама мен құтыдағы дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмек және 19 мыңнан астам қаптама мен құтыдағы вирусқа қарсы препараттар жеткізілді. Сондай-ақ аудандық дәріханаларға 13600 қаптама мен құтыдағы дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмек – аспирин, парацетамол, ибуфен және тайлолфен жіберілген. Облыс әкімінің тапсырмасымен медициналық сақтандыру қорының қаражатын қайта бөлу тәсілі арқылы емханалар мен ауруханалардың қазіргі қажеттіліктерін ескере отырып, қордағы қаражат тұрғындарды үйде емдеуге арналған мобильді бригадалар санын арттыруға жұмсалмақ. Бүгінгі таңда емханалық желі негізінде 59 мобильді бригада жұмыс істейді.
– Қазір тәулігіне 1,4 мың үйге шақыруға қызмет көрсететін мобильді бригадалардың саны 93-ке жетті. Стационарлар мен дәріханалар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуде, – дейді Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Біржан Досмайылов.
«Үйдегі стационардың» ерекшелігі – дәрігер науқасты ғана емес, оның отбасының да жағдайын бақылауға мүмкіндігі бар.
– Бүгінде медициналық ұйымдар бұрын жасалған шарттар бойынша дәрі-дәрмек алады, – деді өңір басшысы. – «Медсервис» дистрибьюторы арқылы ацетилсалицил қышқылының 10 мыңға жуық қаптамасы, сондай-ақ парацетамол, таблеткаланған антибиотиктер, инъекциялық және вирусқа қарсы препараттар жеткізілді. Қосымша өтінім 1,5 млрд теңгеге жуық сомаға сатып алуға берілді, бұл мақсатқа 33 атаулы антибиотиктер, тромболитиктер сатып алынады.
Ал жұрт індеттен қалай сауығып шығамыз деп жатқанда, дәрі-дәрмектерді алыпсатарлық жолмен сатудың 20 фактісі анықталды. Полиция қызметкерлері дәрі-дәрмектерді заңсыз сатуға байланысты құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша әлеуметтік желіге тұрақты негізде мониторинг жүргізуде. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, алып-сатулар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында анықталған.
Павлодар облысы
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Елорда • Бүгін, 10:44
Қазақстандықтар депозит бойынша қай банкке көп сенім артады?
Экономика • Бүгін, 10:41
Әуе компанияларының табысы құлдырады
Экономика • Бүгін, 09:58
Қыстың соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:26
Түркістанда 5 адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Аймақтар • Бүгін, 09:25
Коронавирус: Бір тәулікте 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:17
Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • Кеше
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Кеше
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Кеше
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Кеше
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Кеше
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Кеше
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Кеше
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Кеше
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • 26 Ақпан, 2021
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • 26 Ақпан, 2021
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар лауазым өкілі тағайындалды
Президент • 26 Ақпан, 2021
Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы бірқатар елге гуманитарлық көмек берді
Қазақстан • 26 Ақпан, 2021
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан биржалық крипто-айналымның 1% -ын өзінің биржаларына аударуды жоспарлап отыр
Қаржы • 26 Ақпан, 2021
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Елордада жексенбіде СОО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы іске қосылды
Елорда • 26 Ақпан, 2021
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қымбатшылықтың себебін түсіндірді
Экономика • 26 Ақпан, 2021
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • 26 Ақпан, 2021
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • 26 Ақпан, 2021
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар