Атырауда коронавирус жұқтырғандар саны 9 есеге азайған. Карантиндік орындар толық жабылды. Жедел жәрдем шақыртулары да 25%-ке кеміген. Тек дәрігер жетіспеушілігі әлі де байқалады. АТырауға әлі 300-дей маман керек. Мәселені оң шешу үшін, фекциямен күреске медуниверситеттің жоғары курс студенттері тартылған.
Маңғыстауда да оң өзгеріс бар. Ақтауда жүз орындық провизорлық стационар жұмысы тоқтатылды. Жедел жәрдемге жүгінушілер 45%-ға қысқарды. ПТР-тест жеткілікті. Дәрі-дәрмекке жергілікті бюджеттен 300 млн тг бөлінді. Өңірде денсаулық сақтау ұйымдарында кислородтық құрылғы орнатуға 7 нысан көзделген.
Қарағандыда да өршіп кеткен аурудың беті қайтты. Республикада өлім-жітім көрсеткішісіне сәйкес екінші орында тұрған. Соңғы екі аптада ахуал оңалған Бүгінде емдеу мекемелеріндегі төсек-орындардың жартысы бос тұр.
Шектеуден кейін Шымкентте де жағдай едәуір жақсарған. Ай басында ем алушылар саны 3 мыңға жуықтаған еді. Қазір кеміді.