Елорда • 29 Шілде, 2020

Елордада 8 мыңға жуық үлескер пәтер кілтін алады

524 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл елордада 8 мыңға жуық үлескер пәтер кілтін алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді, - деп хабарлайды Egemen.kz

Елордада 8 мыңға жуық үлескер пәтер кілтін алады

Қала әкімі Алтай Көлгінов құрылысы ұзаққа созылған нысандардың құрылыс барысымен танысты.  Мәселен, "Баспана Көктал" тұрғын үй кешені 5 жылдан бері проблемалық құрылыс санатында. Үлескерлер саны 500-ден асады.

Құрылыс компаниясы нысанның бірнеше қабатын заңсыз салғаны анықталған еді. Пәтерлер үлескерлерге толыққанды сатылды. Ғимараттағы лифт қызметі, өзге де  мәселелер шешімін тапты.  Осылайша, қала әкімі биыл 20  тұрғын үй кешені салынып, пайдалануға берілетінін жеткізді.