Спорт • 29 Шілде, 2020

2021 жылғы "Тур де Франс" додасының қай күні өтетіні анықталды

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) 2021 жылғы Тур-де-Франс көпкүндігінің өткізілу мерзімін өзгертетінін мәлімдеді.

2021 жылғы "Тур де Франс" додасының қай күні өтетіні анықталды

Жарыс Токио Олимпиадасымен тұспа-тұс келмеуі үшін ұйымдастырушылар осындай шешім қабылдаған.  Алғашында 2-25 шілде аралығына жоспарланған "Тур де Франс" бәсекесі енді 26 маусым мен 18 шілде аралығында өтеді.

Ал Токио Олимпиадасындағы велоспортшылар додасы 24, 25 және 28 шілдеде ұйымдастырылады.  Келесі жылы "Вуэльта" бәсекесі бір апта бұрын басталатыны да хабарланды. 

Айта кетелік, коронавирус індетінің белең алуына байланысты Халықаралық Олимпиада комитеті мен Токио ойындарын ұйымдастырушылар жазғы Олимпиада ойындарын 2021 жылға ауыстырды.