COVID-19-бен ауыратын науқастарды емдеу үшін иммундық плазманы орта немесе ауыр дәрежелі коронавирус инфекциясымен ауырған донорлар тапсыра алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Донордың жасы 18-ден асқан, жеке куәлігі бар және салмағы кемінде 50 кг болуы керек.
"Сондай-ақ жүкті емес және босанбаған әйелдер де плазма тапсыра алады. Бұл плазманы құю кезінде иммуннологиялық асқынуларға жол бермес үшін жасалады. Мұндай асқынулар сирек болады, бірақ кездесуі мүмкін. Мұндай проблеманы туғызбау үшін біз босанған әйелдерден қан алмаймыз", – дейді донорлық кадрларды жинақтау бөлімінің меңгерушісі, трансфузиолог-дәрігер Эльмира Көпеева.
Бірінші күні орталықта донор қаны мен антиденені талдау үшін тексеру жүргізіледі.
Егер көрсеткіштер қалыпты болса, келесі күні ол иммундық плазманы тапсыруға шақырылады. Процедураның аппараттық әдіспен жасалатын плазмафорезден еш айырмашылығы жоқ. Плазма 600 миллилитр немесе одан төмен көлемде алынады.
"Антиденелер расталған жағдайда, иммундық плазманы тапсырар алдында дайындалу керек. Кешкі сағат 6-дан бастап, ащы, майлы, қуырылған тағамдарды, сүтті пайдаланбаған жөн. Суды немесе қара шайды көп ішу қажет", – дейді Э.Көпеева.
Күн сайын тексеруге 10-11 донор келеді, олардың тек 3-4-еуі ғана плазманы тапсыра алады. Көбіне талдау қалыпты болмайды және қалпына келтіру үшін көп уақыт қажет.
Осындай донорлардың бірі Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Алмас Асқатов болды. Ер адам бір жарым ай бұрын COVID-19-бен ауырғанын айтады. 39,2 температурамен он күн жүрген. Енді басқаларға көмектесуге шешім қабылдапты.
"Менің анам ауырып қалды. Екі жақты пневмониямен, өкпенің 60% зақымдалуымен ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Сондықтан мұның не үшін қажет екенін жақсы түсінемін. Ең бастысы, біреудің өмірін сақтап қалу үшін маңызы зор", – дейді А.Асқатов.
Нұр-Сұлтан қаласында барлығы 190 доза иммундық плазма дайындалып, ауруханалардың сұранысы бойынша 151 доза жіберілді. Олардың 10-ы басқа да қан орталықтарына берілді. 77 донация өткізілді, 69 адам иммундық плазма доноры болды. Иммундық плазманы тапсыруға ниет білдірушілер Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығына жүгінуі қажет. Орталық Керей мен Жәнібек Хандар көшесі, 10 мекен-жайында орналасқан.
Балқаш маңында жаңа күн электр станциясы салынды
Қазақстан • Бүгін, 10:28
Қаржы • Бүгін, 10:17
Шымкентте мақта өңдейтін зауыттан өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Елімізде 9,5 млн адам екпе салдырды
Коронавирус • Бүгін, 09:49
Қазақстанның кей өңірлерінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Рыбакина АҚШ-та өткен турнирдің ширек финалына өтті
Теннис • Бүгін, 09:16
COVID-19: Елімізде 1338 адам емделіп шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:08
Өткен тәулікте 951 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:03
Аймақтар • Бүгін, 08:58
Спорт • Бүгін, 08:55
Спорт • Бүгін, 08:54
Спорт • Бүгін, 08:53
Жетісу мектептері жаңа оқу жылына дайын
Білім • Бүгін, 08:52
Халықаралық олимпиадада олжа салды
Аймақтар • Бүгін, 08:50
Спорт • Бүгін, 08:48
Спорт • Бүгін, 08:46
Спорт • Бүгін, 08:45
Қарағайлы өлке – туризмнің інжу-маржаны
Туризм • Бүгін, 08:43
Ұлықұм етегінде ұйымдастырылған игі іс
Аймақтар • Бүгін, 08:42
Жастар спорты қолдауды қажет етеді
Спорт • Бүгін, 08:40
Руханият • Бүгін, 08:39
Аймақтар • Бүгін, 08:37
Білім • Бүгін, 08:35
Қоғам • Бүгін, 08:34
Көпбалалы отбасыларға – 198,7 млрд теңге
Қоғам • Бүгін, 08:33
Шаруаның шағымы: Халықпен кездесулерде мыңнан астам мәселе көтерілген
Аймақтар • Бүгін, 08:32
Аймақтар • Бүгін, 08:30
Шағын шаруа қожалықтарының қолы ұзарды
Аймақтар • Бүгін, 08:28
Тұңғыш түсіндірме кітап жарық көрді
Қазақстан • Бүгін, 08:27
60 мың гектар жайылым мемлекетке қайтарылды
Қазақстан • Бүгін, 08:25
Әлем • Бүгін, 08:23
Ашық аспан астындағы музей ашылады
Аймақтар • Бүгін, 08:22
Жол картасын жүзеге асыру маңызды
Саясат • Бүгін, 08:20
Дипломатия ардагерлері марапатталды
Қазақстан • Бүгін, 08:18
Саясат • Бүгін, 08:15
Аймақтар • Кеше
Тауар тасымалы: Табыстан гөрі тұрақтылық маңызды
Экономика • Кеше
Қазақстан • Кеше
Түркия мен Израиль қарым-қатынасы қайта жанданды
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар