Аймақтар • 29 Шілде, 2020

Атырау тұрғындары қару мен оқ-дәрі тапсырып жатыр

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда,  атыраулықтар 1  шілдеден бері  полиция  бөлімдеріне 40-қа жуық атыс қаруы мен 100-ден астам  оқ-дәрі  тапсырыпты. Ерікті түрде қару мен оқ-дәрі тапсырған тұрғындарға сыйақы ретінде республикалық қазынадан 1 млн 700 мың теңге  төленбек, - деп хабарлайды Egemen.kz

Атырау тұрғындары қару мен  оқ-дәрі тапсырып жатыр

"Акцияның мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруларымен жасалатын қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу. Акция кезінде ерікті түрде заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді  тапсырғандар қылмыстық, әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Азаматтарға сыйақы  Ішкі істер министрінің  «Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру қағидаларына бекіту туралы»  бұйрығының талаптарына сәйкес төленеді", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.