Аймақтар • 29 Шілде, 2020

Алматыда 202 армениялық көлік тіркеуден өтті

526 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полицейлер Армения елінен келген көліктерді уақытша тіркеу мерзімі шектеулі екенін ескертті. Бұл туралы polisia.kz сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Алматыда 202 армениялық көлік тіркеуден өтті

Алматы облысының тәртіп сақшылары Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында Армениядан әкелінген көліктерді уақытша тіркеу мерзімінің аз қалғанын хабарлады.

– Қазіргі уақытта Армения мемлекетінен әкелінген көліктерді тіркеу жалғасуда. Бұл елімізде тіркелмеген көлікті мемлекеттік тіркеуге қою үшін бірегей мүмкіндік. Осы шара барысында 202 көлік тіркеуге қойылды. Армениялық тіркеудегі көлігі бар азаматтарды жергілікті Әкімшілік полиция басқармасына хабарласып, мемлекет тарапынан жасалып отырған ұтымды мүмкіндікті пайдалануға шақырамын, – деді Алматы облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұржан Таңатаров.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет Басшысының тапсырмасына орай қабылданған ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырындағы №306 қаулысына сәйкес Армения Республикасынан әкелінген көліктерді елімізде уақытша тіркеуге қою мәселесі біріздендірілген болатын. Аталған құжатта уақытша тіркеу мерзімі 2020 жылдың 1 маусымынан 1 қыркүйегіне дейін деп көрсетілген. Қазақстан Республикасында уақытша тіркеуге қойылған Армения мемлекетінің көлігіне тиісті үлгідегі мемлекеттік тіркеу нөмірі беріліп, оларға салық төлеуге және көлікке қатысты барлық заңды әрекеттерді іске асыруға мүмкіндік жасалады.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15