Экономика • 29 Шілде, 2020

Жаңа редакцияда 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары құрылады

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Басты міндет экономиканың жаңа құрылымын қалыптастыру болмақ. 1 тамызға дейін Қазақстанда жаңа редакциядағы 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары құрылады. Ол еліміздің ортамерзімдік келешектегі жаңа негізгі  экономикалық бағдарын белгілейді, Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

Жаңа редакцияда 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары құрылады

Жоспар туралы кеңінен ОКҚ брифингінде Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов хабарлады.

"Басты міндет экономиканың өзін-өзі қамтамасыз етуін арттыруға негізделген жаңа құрылымын құру, импорт алмастыруды тиімді дамыту, өңдеуші өнеркәсіптегі терең шектерді дамыту бойынша жаңа экожүйе құру, инвестицияларды мақсатты тарту, сондай-ақ еліміздің экспорттық әлеуетін күшейту", - деді ол.

Бұдан басқа, жаңа жағдайдағы агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда белсенді жұмыс атқарылмақ.

"Жалпы еліміздегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау мақсатында алдын алу шараларын қабылдау үшін сыртқы және ішкі факторларды жүйелі мониторингілеу жалғастырылады", - деді министр.