Сенаторлар Әбдәлі Нұралиев пен Мұратбай Жолдасбаев Жамбыл облысына сапары барысында Байзақ ауданы Ақшолақ ауылының шаруашылықтарын аралады. Егінге қажетті су мәселесіне қатысты әңгімеге Меркі мен Жамбыл аудандарының аграрлары да қосылды. Олардың айтуынша өңірдегі сумен қамтамасыз ету мәселесі тез арада шешуді талап етеді. Егер мәселе созылатын болса, егіс өнім бермеуі мүмкін. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі өкілдері биыл көрші Қырғызстан егінге қажетті суды аз көлемде жіберіп жатқанын айтты. Әсіресе бұл жағдай ыстыққа байланысты су көп қажет болған шілде айында қатты сезілген. Қазіргі таңда Байзақ ауданындағы егіс алқаптары үшін секундына 35-40 текше метр су қажет, бірақ шаруалар оның тек жартысына жуығын алып отыр. Осының себебінен олар суды кезекпен пайдалануға мәжбүр. Басым дақылдар ретінде қант қызылшасы, жүгері, көкөністер мен бау-бақша өнімдері белгіленген. Егер алқапқа су жетпесе, дақылдар өнім бермейтіні белгілі.
Сенаторлар аталған мәселені Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе шешуге ниетті.
Фермерлер депутаттардың алдында өзге де мәселелерді көтерді. Бітік өнім алғанның өзінде кәсіпорындар қаржылай табыс таппайтын жағдайлар да кездеседі екен. Өткен күзде жиналған қызылшаны аграрлар Меркі қант зауытына өткізген, бірақ ақшасын әлі күнге дейін алмаған.
Сенат депутаты Мұратбай Жолдасбаев бұл мәселенің дереу шешілуі үшін көмек көрсететінін жеткізді.
"Егер тараптардың бірі келісім шартын орындамаған жағдайда екінші тарап сотқа жүгінуге мәжбүр болады. Мен тиісті шараларды қолға алып, мәселенің тез шешілуі үшін атсалысамын", - деді сенатор.
Қызылордада IT маманы «Бастау» жобасын оқып, тоқыма өнімдерін шығаруды қолға алды
Аймақтар • Бүгін, 19:56
Қызылордада мемлекеттік бөбекжай-бақша ашылды
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Open Shymkent бірыңғай сервис порталы құрылады
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Банкте ипотекасы бар азаматтарға салық жеңілдігі беріледі
Экономика • Бүгін, 19:00
Кәсіпкерлер «Almaty Business - 2025» бағдарламасын пайдалана ала ма?
Экономика • Бүгін, 18:58
Мектептегі «бомба»: Ақтөбе полициясы 600-ден астам адамды эвакуациялады
Оқиға • Бүгін, 18:52
Ресейде тұрғындарды қар басып қалды
Әлем • Бүгін, 18:51
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды
Саясат • Бүгін, 18:48
«Almaty Finance» бизнеске қолдау көрсету бағдарламалары кеңейтілді
Экономика • Бүгін, 18:35
Доллардың ертеңгі құны қандай болады?
Экономика • Бүгін, 18:30
Шымкентте бұқаралық спортпен айналысушылар саны артады
Аймақтар • Бүгін, 18:22
Алматы ХҚО-лары мемлекеттік қызметтерді қашықтан алуға шақырды
Қоғам • Бүгін, 18:18
"Бедеуліктен емдеймін" деген әйелге сот ісі басталды
Оқиға • Бүгін, 18:15
Жарылғыш зат жеп қойған әйел бар тісінен айырылды
Әлем • Бүгін, 18:10
Мұхтар Тілеуберді қос қызметті қатар атқармақ
Тағайындау • Бүгін, 18:08
Ұлттық экономика министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:55
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:55
Шымкент «Кundelik.kz» жүйесін қолдануда республикада бірінші орында
Аймақтар • Бүгін, 17:50
Елордада карантинді бұзғандарға қанша теңге айыппұл салынды?
Елорда • Бүгін, 17:47
Үкіметтің жаңа құрамы жарияланды
Қазақстан • Бүгін, 17:47
Ұқсас жаңалықтар