Қазақстан • 30 Шілде, 2020

"Бәйтерек" монументінің авторы өмірден өтті

1038 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның құрметті сәулетшісі, "Астана-Бәйтерек" монументінің авторы Ақмырза Исаұлы Рүстембеков өмірден озды. Қайғылы қаза туралы "Алматыгенплан" ҒЗИ хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

"Бәйтерек" монументінің авторы өмірден өтті

"2020 жылдың 29 шілдесінде Қазақстан сәулетшілер одағының президенті Ақмырза Исаұлы Рүстембеков қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Ақмырза Рүстембеков - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның құрметті сәулетшісі, Шығыс елдерінің Халықаралық сәулет академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры, Ресей сәулетшілер одағының құрметті мүшесі, Қазақстан дизайнерлер одағының мүшесі.

"Астана-Бәйтерек" нысаны үшін ол ТМД елдерінің сәулетшілер одағының Халықаралық қауымдастығының X-ші халықаралық байқауында Гран-при мен алтын медальға ие болды. 2003 жылы Софиядағы Бүкіләлемдік сәулет Триенналының күміс медалін, 2003 жылы Бішкектегі Сәулет фестивалінде Гран-при және Қырғыз Республикасы Сәулетшілер одағының алтын медалін иеленді.