Қазақстан • 30 Шілде, 2020

Мемлекет басшысы Қырғызстан президентіне көңіл айтты

1712 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбековке және қырғыз халқының "Ұлттық аза тұту күніне" байланысты коронавирус құрбандарын еске алып, жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты. Бұл туралы Қырғызстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Мемлекет басшысы Қырғызстан президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы өз хабарламасында, Қазақстан халқының және жеке өз атынан "Ұлттық аза тұту күніне" байланысты коронавирустық инфекцияның құрбаны болған бауырлас қырғыз азаматтарын еске алып, шынайы қолдау білдірді. Осындай қиын сағатта орны толмас қайғы-қасіретпен бөлісе отырып, мезгілсіз кеткендердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Індетке қарсы тұрып, күрескендердің барлығына тезірек сауығып кетулерін тілейтінін атап өтті.

Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылданған батыл шаралар, қырғыз ағайындардың бірлігі мен тұтастығының арқасында елдегі эпидемиялық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік беретініне сенімін білдірді. Осы орайда еліміз көршілес республикаға қолдан келгенше көмек көрсетуге дайын екеніне сендірді.

Еске сала кетейік, кеше Қырғыз республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков 30 шілде – "Ұлттық аза тұту күні" болатынын мәлімдеді.