Спорт • 30 Шілде, 2020

Нұрберген Шәріпов АСА турниріне қатысады

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8 тамызда Ресейдің АСА промоушені аралас жекпе-жектен дүбірлі дода ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сол жарыста қазақ спортшысы Нұрберген Шәріпов те өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Egemen.kz

Нұрберген Шәріпов АСА турниріне қатысады

Аса жеңіл салмақта күш сынасып жүрген қандасымыз спорттың бұл түрін 2014 жылдан бері серік етуде. Сол аралықта 11 мәрте айқас алаңына шығып, 9 рет басымдық танытты. Төрт кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады. Samara MMA Federation, Titan FC және TKFC додаларында бақ сынады. Соңғы жекпе-жегін былтырғы жылдың қыркүйек айында әзірбайжандық Кенан Жафарлиге қарсы өткізіп, ұпай санымен жеңіске жетті. Бұл Нұрбергеннің АСА-дағы алғашқы бәсекесі.

Айтулы жарыста ол Павел Витрукпен шеберлік байқасады. 2016 жылы М-1 ұйымының алтын белбеуін иеленген 30 жастағы Украина спортшысы октагонда 19 кездесу өткізіп, 15 рет жеңіске жетті. Үш рет ұтылып, тағы бір кездесуде тең есеп тіркелді. Осыдан төрт жыл бұрын Мәскеуде өткен турнирде ол қазақстандық Сергей Морозовтан басым түскен болатын.