Борис Викторұлы 1955 жылы Өскеменде дүниеге келді. Спорттық карьерасын жергілікті "Торпедода" бастаған сұрмерген шабуылшы Мәскеудің ЦСКА мен "Спартак", Твердің СКА-МВО клубтарында жасындай жарқырады. Бірнеше аталмдар бойынша арнайы сыйлықтарды иеленді. Сексеніші жылдары қайта елге оралып, алты маусым бойы "Торпедоның" намысын абыройлы қорғады. Одан кейін ол Италияның "Миланы" мен Мажарстанның "Ференцварошында" өнер көрсетті. КСРО құрамасы сапында бірқатар халықаралық деңгейдегі додаларға қатысып, 1976 жылы Инсбрукте алауы тұтанған Олимпия ойындарының жеңімпазы атанды. Үлкен спортпен қош айтысқаннан кейін Александров өзінің туған қаласында жаттықтырушылық қызмет атқарып, 1996-2002 жылдары Қазақстан құрамасының бас бапкері болды.
2002 жылы шілде айының соңғы күні Уфа-Челябі тас жолының бойында қос көліктің соқтығысуы салдарынан даңқты хоккейші көз жұмды. Борис Александров небары 46 жаста еді...