"Атаулы әлеуметтік көмектің шартты ақшалай берілетін түрін алушылардың арасында еңбекке қабілетті адамдар саны 2 154-ті құрайды. Оның ішінде 28-і өзін-өзі қамтитындар, 1 049-ы жүгіну кезінде жұмысы барлар, 431-і жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгендер, 610-ы бала күтіміндегілер, ал, 36-ы – өзге санаттағылар", - деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла.