Папуа-Жаңа Гвинея тұрғыны өзінің үш жасар қызын тірідей жеп қойды. Бұл туралы Paranormal-news.ruхабарлады.
Биылғы 9 қазанда Папуа-Жаңа Гвинея азаматшасы жас нәрестені өздерінен бөлек тұрып жатқан әкесінің үйіне әкеледі. Бұл қыздың әкесі Рекс Эрик әйелдің қолынан баласын жұлып алып, көшеге сүйрей жөнелген. Сол бойы оны пальма ағашының түбіне апарып, тірідей жеп қойған. Ал осы ағаштың үстінде отырған екі бала жерге секіріп түсіп, көргендерін деревнядағы ересек адамдарға айтып келді. Тұрғындар көп ұзамай қанішерді қолға түсіріп, полицияға өткізді.
«Бұл іс бойынша тергеу жұмыстары әлі жүріп жатыр.Оған канибализм және қастандықпен адам өлтірді деген айып тағылды», – дейді жергілікті кеңесші Джон Кенни.
Айдар Өрісбаев.