Медицина • 30 Шілде, 2020

"Табыстың тек 30 пайызы медицина сапасына байланысты" − Е.Тоғжанов

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ОКҚ-нің онлайн-брифингінде Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавируспен күрестегі табыстың 70 пайызы қазақстандықтардың жауапкершілігіне байланысты екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

"Табыстың тек 30 пайызы медицина сапасына байланысты" − Е.Тоғжанов

"Мемлекет те, дәрігерлер де, жұртшылық та, егер біздің елдің азаматтары өз күш-жігерін жұмсамаса, коронавирусты жеңе алмайтынын түсіну керекпіз. Қазақстандықтардың денсаулығы – бұл мемлекет пен әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Қабылданып жатқан шаралардың тек мемлекеттің тарапынан қолға алынуы ол жеткіліксіз болады", деді Тоғжанов ОКҚ-нің онлайн-брифингінде.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтардың көшеде бетперде киюге міндеттелгенін, сондай-ақ нормаларды орындамаған жағдайда соңы жеке және заңды тұлғаларға айыппұл салуға әкеп соғады деп мәлімдеді.