Қазақстан бойынша онкологиялық науқастардың 168-і вирус жұқтырды. Өкінішке қарай, 14 науқас коронавирустан көз жұмды. Бұл ақпарат тексерілді. Науқастар ПТР-дің теріс анықтамасымен келсе де, емдеу барысында инфекция пневмония түрінде шығып, расталып жатты. Қазақстан бойынша дәрігерлер мен медицина қызметкерлері де ауру жұқтырды, - деді ол.
Қайдарова вирустың кантагиозды екенін айтты.
Барлық гигиена шараларын сақтауға шақырамыз. Кейде науқастар "мен үйде отырып, ауырып қалдым" деп жатады. Демек, далаға дүкенге шығып та вирус жұқтыруға болады. Сондықтан маска тағып, даладан кейін қолды жуып тұрған абзал, - деді ол.