Бүгінде медициналық-әлеуметтік мекемелерде көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қоғамдық кеңестер құрылып, бюджет туралы ақпарат ашық түрде жариялануда, қызмет алушыларға ғаламтор қолжетімді. Яғни қоғамға ашықтық мәселесі қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар стационарлық сипаттағы мекемелерде тұратын 18 мыңнан астам қызмет алушы СОVID-19-ға тест тапсырды. Стационарлық сипаттағы МӘМ жұмысын жақсарту және қызмет сапасын көтеру мәселелері алғаш рет онлайн түрде өткен Қазақстанның әлеуметтік қызметкерлерінің II форумында талқыланды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукеновтің төрағалығымен өткен шараға Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова, МӘМ директорлары мен әлеуметтік сала қызметкерлері қатысты.
Ерлан Әукенов өз сөзінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. МӘМ қызметін жетілдіру мақсатында министрлік жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын жинады. Барлығы 174 ұсыныс келіп түсті, оның 150-ден астамы ведомствоның 7 бұйрығына өзгеріс енгізуге, қалғаны Үкімет қаулыларына, 2 кодекске және қолданыстағы 5 заңға қатысты. Ұсыныстардың көбі арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарының өзгеруіне байланысты. Мысалы, МӘМ қызметтерін алушылар үшін киім, аяқкиім, төсек-орын және жеке гигиена заттарының ең төменгі нормасын арттыруға және қолдану мерзімін қысқартуға қатысты ұсыныстар бар. Арнайы әлеуметтік қызметке жүгінген кезде ұсынылатын құжаттар тізімін оңтайландыру, мекемеден шығару ережесін қайта қарау, МӘМ қызметкерлерінің міндеттерін нақтылау жөнінде басқа да ұсыныстар түсті. Бұл ұсыныстар мұқият қаралады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 12 мыңға жуық әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді, олардың 10 мыңы МӘМ аясында қызмет көрсетеді. Форум барысында әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби әдебі жөніндегі әдістемелік ұсыныстар таныстырылды. Құжат қызмет алушыларға, әлеуметтік қызметкерлердің мінез-құлқына қатысты 5 тараудан тұрады. Ұсыныстарда әлеуметтік қызметкерлердің әдеп қағидалары мен негізгі мінез-құлық стандарттары көрсетілген. Жақын арада бұлар іс жүзінде енгізіледі.
Форум барысында әлеуметтік қызметкер мәртебесін көтеру мәселесі де айтылды.
«Мемлекеттік деңгейде олардың құзыреті мен маңызын арттыру қажет. Мысалы, Еңбек кодексіне жұмыскерлердің жекелеген санаттарының еңбегін реттеу туралы бөлім енгізуге болады. Әлеуметтік қызметкерге еңбек нарығында мәртебе мен кепілдік берілуі керек. Әлеуметтік қызметкерді және оның отбасы мүшелерін әлеуметтік қамтамасыз ету қажет. Біз оларды тиісті әлеуметтік қорғау арқылы ғана әдеп қағидаларының сақталуын талап ете аламыз», деді Президент жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Ләззат Рамазанова.
Бұған дейін МӘМ жұмысын жақсарту мақсатында облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктеріне 22 тармақтан тұратын шараларды қабылдау ұсынылды. Оның ішінде қоғамдық кеңестер құру, ашықтық қағидатын енгізу, қызмет алушыларды ғаламтормен қамтамасыз ету, барлық мекемені бейнебақылаумен қамту, камералардағы жазбаларға қызмет алушылардың туыстарына қолжетімділікті қамтамасыз ету, қажет болған жағдайда күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, шалғай ауылдарда орналасқан мекемелерді қалалар мен аудан орталықтарына көшіру және мекемелер жұмысын жақсарту жөніндегі басқа да шаралар бар.
Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаментінің директоры Дәмежан Сәдуақасованың айтуынша, МӘМ жұмысында шағымдарды талдау мен кері байланыс орнатуға ерекше көңіл бөлінеді.
«Шағымдар мен өтініштер негізінде, оның ішінде әлеуметтік желілер бойынша тәуекелдер картасын жасау керек. Тәуекелдер картасы олқылық анықталған өңірде ғана емес, алдын алу мақсатында басқа өңірлерде де жасалуы қажет», деді Дәмежан Сәдуақасова.
Өткен кезең ішінде мерзімі аяқталуға жақын ұсыныстарды орындаудың оң үрдісін көруге болады. Бұл тұста ұсыныстардың орындалуының ең жоғары пайызы Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында байқалды. Ұсыныстарды іске асыру нәтижелері бойынша арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын 113 орталықтың 74-і wi-fi бар ғаламтормен қамтамасыз етілген. Бұл мекемелердің барлығында қоғамдық кеңес құрылды, әлеуметтік желілерде аккаунттары ашылды. 95 МӘМ бюджеті ашық түрде жарияланды. МӘМ басшылығы мен қызметкерлері қамқорлықтағы жандардың жақындарымен тығыз байланыс орнатқан.
«Біздің міндетіміз – ашықтықты арттыру, қызмет алушылармен жұмыс сипатын өзгерту. Бұл үшін бюджет ашықтығын қамтамасыз ету, МӘМ жағдайын егжей-тегжейлі қарау және орталықтар ұсынатын қызметтердің сапасын арттыру мәселелерін көтеру қажет. Барлық ұсыныстың орындалуын бақылау – қазіргі кезде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті, сондай-ақ аумақтық департаменттер алдында тұрған басты міндет», деді Е.Әукенов.
Қызмет алушылардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған ұсыныстарды орындау бойынша жұмыс жалғасады. Еске сала кетейік, бүгінде елімізде стационарлық типтегі 113 медициналық-әлеуметтік мекеме бар, онда 21 мыңнан астам қызмет алушы тұрады.
Елбасы Асқар Мамин мен Әлихан Смайыловты қабылдады
Елбасы • Бүгін, 20:40
Елмира Сыздықова Азия чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 20:35
Қазақстан халқының саны 18 917,2 мың адамды құрады
Қоғам • Бүгін, 20:30
Мемлекет басшысына екі өңірдің әкімі есеп берді
Үкімет • Бүгін, 19:59
Валентина Исламова Азия чемпионатында алтыннан алқа тағынды
Аймақтар • Бүгін, 19:30
Өткен жылы 1600 отбасы солтүстікке қоныс аударды
Қазақстан • Бүгін, 18:50
Абақтыдағылар да коронавирусқа қарсы екпе алды
Аймақтар • Бүгін, 18:46
Халықты жұмыспен қамту қарқыны қандай?
Қоғам • Бүгін, 18:45
Бокстан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпиондары анықталды
Спорт • Бүгін, 18:42
Жамбылдың домбырасы жауға шапқан
Өнер • Бүгін, 18:35
Карантин режимін сақтамау өлім санын арттыруы мүмкін – дәрігерлер
Коронавирус • Бүгін, 18:22
Президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Президент • Бүгін, 18:07
Ақтауда «ИК» тобының кешін ұйымдастырған қонақүй иесіне айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 18:04
Зейнеткерді қатыгездікпен өлтірген жігіт сотталды
Қоғам • Бүгін, 18:03
Елтаңба мен прокуратура тақтайшасы қоқыс арасында жатыр
Қазақстан • Бүгін, 17:16
Қарасу ауданында 39 үйді су басты
Аймақтар • Бүгін, 17:12
Биылдан бастап 500 қазақстандық ғалым шетелде тағылымдамадан өтеді
Үкімет • Бүгін, 17:06
Astana IT university: Білім сапасынан цифрлы трансформацияға
Білім • Бүгін, 17:02
Атыраулық полицей пәтерге балкон арқылы кіріп, 7 жастағы қызды құтқарды
Аймақтар • Бүгін, 16:52
Вакцина салдырғандар қайтадан коронавирус жұқтыруда
• Бүгін, 16:36
Алматы облысында орман алқаптары өртенді
Экология • Бүгін, 16:10
Шәй қорапшасындағы телефон: Өскемендіктің айласы жүзеге аспай қалды
Қоғам • Бүгін, 16:06
Бүгін – экологиялық білім күні
Экология • Бүгін, 15:59
Партияның Петропавлдағы филиалы алдағы атқарар жұмысты нақтылады
Саясат • Бүгін, 15:58
Такси жүргізушісінен тапанша тәркіленді
Оқиға • Бүгін, 15:35
Нұр-Сұлтанда еңбек ұжымдарын жаппай вакциналау жүріп жатыр
Коронавирус • Бүгін, 15:34
Алакөлдің жағалауында құрылыс жұмыстары жүргізіледі
Экономика • Бүгін, 15:25
Үкіметте экономиканың креативті секторын дамыту мәселелері талқыланды
Үкімет • Бүгін, 15:23
ТЖМ: Елді мекендерді су басу қаупі азайды
Қазақстан • Бүгін, 15:16
Елордада тағы төрт мекеме жауапқа тартылды
Қоғам • Бүгін, 15:05
Түркия: Бір тәулікте 50 мың адамнның вирус жұқтырғаны анықталды
Әлем • Бүгін, 15:04
Түркістанда «Кітапханалық керуен – 30 ауылға» атты кітап фестивалі өтеді
Аймақтар • Бүгін, 14:50
Алматы хайуанаттар бағында екі қонжық дүниеге келді
Аймақтар • Бүгін, 14:48
Азия чемпионаты: Валентина Исламова мен Елмира Сыздықова финалға шықты
Күрес • Бүгін, 14:23
Есіл аңғарынан асып, қауіп төндіруде
Аймақтар • Бүгін, 13:50
Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайында вакциналау пункті ашылды
Медицина • Бүгін, 13:31
Грузияда локдаунның орнына мемлекеттік демалыс жарияланды
Әлем • Бүгін, 12:50
Пандемия кезінде қанша қазақстандық шетелге көшті
Коронавирус • Бүгін, 12:47
Алматыда есірткі сатпақ болған екі азамат ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:30
Қарттар үйінің бухгалтері 10 млн теңге жымқырған
Аймақтар • Бүгін, 12:27
Павлодар облысында да балықтар қырылып қалды
Экология • Бүгін, 12:25
Руханият • Бүгін, 12:10
Нысана көздеуден халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды
Спорт • Бүгін, 11:57
Павлодар облысында әйелдер монастырынан өрт шықты
Видео • Бүгін, 11:50
Қызылорда облысында 524 маман індетке қарсы екпе салдырды
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Президенттің сынынан кейін министрлікте жол сапасы талқыланды
Қоғам • Бүгін, 11:37
Баландин мен Мусин Ақтөбедегі лицензиялық ел біріншілігінде топ жарды
Спорт • Бүгін, 11:29
Академик Төрегелді Шарманов сыйлығының І тоқсан қорытындысы шықты – ІІ тоқсанға өтінім беру басталды
Бағдарламалар • Бүгін, 11:18
Бензин жоқ: Оралда жанармай құю бекеттері жабылып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 11:15
Балқашта жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 11:10
Сот шешімін орындамаған азамат қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 11:07
505 мыңнан астам қазақстандық вакцина салдырды
Қазақстан • Бүгін, 11:05
Азия чемпионаты: Бүгін және ертең біздің қыздар кімдермен күреседі?
Спорт • Бүгін, 10:56
Сенаторлар ЕАЭО-ның тізбесіне енгізілмеген өнімдерді реттейтін заң қабылдады
Парламент • Бүгін, 10:43
Қазақстанда тағы бір өңір «қызыл аймаққа» өтті
Коронавирус • Бүгін, 10:30
Қазақстанда кең ауқымды «Киік» акциясы басталды
Экология • Бүгін, 10:27
Ақмола облысында жедел жәрдем көлігіне оқ атылды
Видео • Бүгін, 10:17
Елімізде жұмыссыздық деңгейі өсті
Қоғам • Бүгін, 10:03
Қазақстандық вакцина әзірлеген ғалымдарға баспана беріледі
Қазақстан • Бүгін, 09:48
Өткен тәулікте тағы 2641 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:36
2002 адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:32
Доллар қайтадан арзандай бастады
Қаржы • Бүгін, 09:22
Грек-рим күресінен Азияның үздіктері кім?
Спорт • Бүгін, 09:21
Сарыала қаздың қаңқылы естілді
Руханият • Бүгін, 08:51
Оқиға • Бүгін, 08:50
Өрт қауіпсіздікті сақтамағаннан шығады
Қоғам • Бүгін, 08:42
Ақмолалықтар Ақкөлге қарап бой түзейді
Технология • Бүгін, 08:40
Әлем • Бүгін, 08:33
Әлем • Бүгін, 08:30
Ұқсас жаңалықтар