19 Қазан, 2013

Янукович Тимошенконың шет елге емделуге баруына рұқсат берді

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19-10-13-iulia timoshenko-1

Украинаның президенті Виктор Янукович бұл жолы Еуропа одағымен ассоциация құру жөнінде келісімге қол қойғаннан кейін осындай қадам жасауға келісім берді. Бұл туралы «Известия» газеті жазды.

Қазір Юлия Тимошенконы Харьковтың №5 емханасының арнайы палатасынан Берлиннің «Шарите» емдеу орнына аудару жақын уақыттың еншісіндегі шаруа сияқты. Себебі, Еуроодақпен ассоциация құру жөніндегі келісімге қол қоюға кедергі болып тұрған ең соңғы тірек бұрынғы премьер-министрге қатысты іс болып тұр. Ал бұл шара 28-29 қарашада Вильнюсте өтуге тиісті «Шығыс әріптестік» саммитінде қаралмақшы. Осыған орай Брюссель, яғни Еуропа одағы Киевке бұл мәселені шешіп болмай,ештеңеге де үміт артуға болмайтынын ашық айтты. Бұған, әсіресе, Германия айрықша мүдделілік танытып отыр.

Мұрат Айтқожа.

Соңғы жаңалықтар