Интернет аштығы немесе ашаршылығы бола ма? Әрине, болады. Бірақ интернеттің, одан кейін өмірге келген цифрландырудың алғашқы даму сатысында біз мұны пәлендей сезінбеуіміз мүмкін. Өйткені бұл – өркениет жетістіктеріне сәйкес туындайтын кеселдердің бірі.

ХХІ ғасырда осындай кеселдер қатары көбейе түсетін секілді. Технологиялық жетістіктердің жаңа толқындары адамзаттың өмір сүру формасына, дағдысына үлкен өзгерістерін ұсынуда. Оның тіпті адамның өзіне деген көзқарасын да өзгерте бастағаны сезіледі. Соның бір мысалы, адамның еңбек етушіден тұтынушы қауымға қарай ауысуы болды.
Өткен жылы Алакөлге барып он күн демалдық. Сонда интернет аштығын аз болса да сезіндім деп айта аламын. Тамақ тоқ, көңіл көк. Бірақ бәрібір бірдеме жетіспей тұрған секілді. Себебі онда интернет дұрыс жұмыс істемейді екен. Қаптаған демалушылардың ортасында бола отырып, өзімді сәт сайын, сағат сайын болып жататын ел мен әлем жаңалықтарынан құралақан қалғандай сезіндім. Қазақстанның туризм тұрғысынан ең тартымды жерінің өзі әлі күнге дейін интернетпен дұрыс қамтылмауы көп жағдайдан сыр аңғартса керек.
Жарайды, мұны еріккеннің ермегі дейік. Ал ауылды жерлерде өздерінің интернетке қатысты нақты жұмыс пен тіршілік мұқтаждықтарын жүзеге асыра алмай отырған қаншама адам бар. Бір танысымыз ауыл мектебінде мұғалім болып еңбек етеді. Ауыл мұғалімі демесеңіз, жұмысқа берілгені керемет. Сол танысымыз жоғары санатты мұғалім атағына құжаттарын тапсырып, оның барлық талабын орындаған. Бұл атақты алуына білімі мен біліктілігі, барлық жұмыс көрсеткіші сәйкес келген. Сөйтіп оған жоғары санаттағы мұғалім мәртебесі берілген. Бірақ ол атақты қуаттайтын құжатты алудың өзі қиын болған. Себебі ауылда интернет жұмыс істемейді. Интернет ауылда бір-ақ жерде, тек мектепте ғана бар екен. Сол мектепке жазғы демалыс кезінде қайта-қайта бара жүріп, жаңағы қағазға үш-төрт күннің ішінде қол жеткізген. Құжаттың кешіктірілу себебі сол мектептің өзінде де интернеттің дұрыс жұмыс істемейтіндігі болып шығыпты.
БҰҰ-ның Азық-түлік қауіпсіздігі ұйымы бар. Бұл ұйым әлем халықтарының арасындағы ашаршылыққа түрлі зерттеулермен қатар нақты есеп те жүргізіп отырады. Оның сарапшылары «былтыр жер бетінде адамзаттың пәленше пайызы немесе саны пәленше күн аштықты сезінді» немесе «пәленше күн су тапшылығын сезінді» деп жазып қояды. Әзірге интернет аштығын есептеу қажеттігі мен мүмкіндігі мұндай деңгейге дейін жете қойған жоқ. Өйткені осы уақытқа дейін интернет қызметін дұрыс пайдаланып көрмеген адамдардың елеулі бөлігі оның аштығы болатындығын да сезіне бермейді. Өйтпеген жағдайда БҰҰ-ның аясында енді Интернет қолжетімділігі секілді ұйым құрылып, оның сарапшылары «былтыр Қазақстанда адамдардың пәленше пайызы немесе саны пәленше күн интернет аштығын сезінді» деп жазып қойған болар еді және менің өзім мен жоғарыдағы танысым сол тізімнің ішінде жүрер едік.
Елімізде интернет қолжетімсіздігі проблемасының бар екені коронавирус кезінде айқын көрінді. Ауылдардағы мыңдаған мектеп балаларды қашықтан оқытуға мүлдем дайын болмай шықты. Адамдар өздеріне Үкімет тағайындаған жәрдемақыларды ала алмай сарсаңға түсті. Себебі миллиондаған адамдардың өтініштерін қабылдап, шешім шығаруға, тиісті қаражатты адамдарға жеткізіп беруге Электронды үкімет пен банк жүйесінің өзі әзір емес екен. Міне, осы кезде елімізде қоғам дамуын жаңа сатыға көтереді деп есептелген «цифрландыру сиқырының» толық көлемінде, яғни қойылып отырған талапқа сәйкес жүзеге аспағандығы мәлім болды.
Майкрософт компаниясының негізін қалаған әлемнің атақты байы Билл Гейтс «болашақта интернеттен тыс қалған адам өмірден де тыс қалады» деген сөзді осыдан ширек ғасыр бұрын айтқан болатын. Айтқаны айдай келді. Қазіргі өмірді, жұмыс пен тұрмысты интернетсіз елестету мүмкін емес. Міне, осындай сәтте интернет аштығын сезіну бірте-бірте тамақ аштығын сезінумен бірдей әсер ететіні айқын.
Сондықтан еліміздің шалғайдағы елді-мекендерін кең жолақты интернетпен қамтамасыз етудің өзектілігі уақыт өткен сайын арта түседі. Бұл кең байтақ жері бар Қазақстан үшін қымбатқа түскенімен, адам мен қоғам игілігі жолында өзін өзі ақтайтын ауқымды жобаға айналады деп сенеміз.
«Мың алғыс»: Қайырымдылық телемарафонында 22 миллион теңге жиналды
Қазақстан • Кеше
Биыл медициналық сақтандыруға қанша қаржы бөлінеді?
Медицина • Кеше
2020 жылы МӘМС аясында қанша күрделі операция жасалды?
Медицина • Кеше
Елбасы • Кеше
Тарих • Кеше
Спорт • Кеше
Бас театрдағы балалар студиясы
Өнер • Кеше
Алтын шынжырдың соңғы шығыршығы...
Руханият • Кеше
Қызылорда облысында карантин шаралары жеңілдетілді
Аймақтар • Кеше
Былтыр СҚО-да 7 мыңға жуық нәресте дүниеге келген
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда жұма намазға жиналуға рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Қызылжарда анасы ұрып-соққан қыз көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Жалға алған үйін тонап кеткен ұры ұсталды
Аймақтар • Кеше
Францияның экс-президенті түрмеге тоғытылды
Әлем • Кеше
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Түркістан облысында газ желілері жаппай тексеріледі
Аймақтар • Кеше
Тергеушілердің ұстазы ұлықталды
Аймақтар • Кеше
Алматыда этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Алматыдан Қырғызстанға әуе рейстері қайта жанданды
Қазақстан • Кеше
Алматыда қанша тұрғын үй жылусыз қалды?
Аймақтар • Кеше
Армениядан әкелген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Кеше
Қырғызстанда Парламент сайлауы күзде болады
Әлем • Кеше
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін салық есептеу жеңілдетілді
Экономика • Кеше
Алматы облысының Алакөл ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматылық студенттер Алғыс айту күнін атап өтті
Қазақстан • Кеше
Өмірбек Жолдасбековтың 90 жылдық мерейтойы тойланды
Қазақстан • Кеше
ҚДКБҚ депозиттердің сәуірдегі ең жоғары мөлшерлемелерін жариялады
Экономика • Кеше
Сыр елінен 700-ге жуық азамат әскерге барады
Аймақтар • Кеше
Ресей инвесторлары Атырауға бет бұрды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды
Қоғам • Кеше
Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен кездесті
Үкімет • Кеше
Көктем кешікпей жетеді: Наурыз айына арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды
Қоғам • Кеше
Үкімет • Кеше
Алматыда ұлттар достыған арқау еткен шара өтті
Аймақтар • Кеше
Қуатты құрылымның шуақты мерекесі
Қазақстан • Кеше
Әулиеаталықтар Алғыс айту күнін атап өтуде
Аймақтар • Кеше
Наурыз айында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Көпбалалы ана белгісіз кәсіпкерге алғыс айтады
Аймақтар • Кеше
Ержан Бәкірбайұлы Талдықорғанның әкімі болып тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Зейнетақы ақшасын стоматологиялық қызметке пайдалануға болады
Медицина • Кеше
Алматыда педагогтардың республикалық жиыны өтті
Білім • Кеше
Өңірлердегі медициналық ұйымдардың тозығы жеткен
Аймақтар • Кеше
Тараз полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады
Аймақтар • Кеше
Шымкентте Алғыс айту күні аталып өтті
Аймақтар • Кеше
Киевте Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай іс-шара өтті
Руханият • Кеше
Ұқсас жаңалықтар