Экология • 31 Шілде, 2020

Ауа тазарғанымен, табиғат ластануда

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҰҰ UNCTAD (ЮНКТАД) Сауда және даму жөніндегі конфе­ренциясының директоры Памела Коук-Гамильтон қоршаған ортаның ластануы пандемия тұсында күшейіп кеткеніне мазасызданатынын білдірді.

Ауа тазарғанымен, табиғат ластануда

«Індет таралмай тұрып та таби­ғатты пластик қалдық­та­рымен ластаудан плане­та­мызға қауіп көп еді. Ал пан­демия тұ­сында ауа газдан тазарға­ны­мен, табиғат тазалығы сын көтер­мейтін күй­де», дейді ол. Оқ­шау­ланған адам­дардың үйіне тауарлар мен тағамдарға тап­сырыс берген кезінде оны плас­тик ыдыс­тарға салып апару жағ­­дайды одан сайын ауыр­ла­тып жіберді. БҰҰ сарап­шыла­рының пайымдауынша, пластмасса қалдықтарынан табиғатқа тиетін залал

40 млрд долларды құрайды.

«Grand View Research» консалтинг компаниясы жүргізген есепке қарағанда бір рет қолданылатын медициналық тұм­ша 2019 жылы 800 млн болса, биыл оның саны 166 млрд данаға ұлғайған.

Ұйым осы тұмшалардың бейберекет шашылып қалуының да қоршаған ортаға теріс ықпалы бар­лығына тоқ­тал­ған. Шынында да, кө­шелерде шашы­лып жатқан бетпер­деден аяқ алып жүре алмайтын болдық.