Қоғам • 31 Шілде, 2020

Оңалту қызметі ақысыз көрсетіледі

409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Адал Ниет Астана» қорында күн сайын 100 адам ақысыз оңалту қызметін алуда. Қор қызметінің негізгі бағыты – азаматтарға қайырымдылық танытып, денсаулығының берік болуына көмектесу.

Оңалту қызметі ақысыз көрсетіледі

Елорда әкімдігінің мәлі­метіне сүйенсек, «Адал Ниет Ас­тана» жеке қайырымдылық қо­рында 140 адам күнделікті оңалту қызметін алады. Бұл – бес мезгіл тамақ, физиотерапия, массаж, дәрі-дәрмек, тұзды шахта, оттегі коктейльдері, йога, дренаж жұмыстары және тағы басқалармен қамтамасыз ететін, тәулік бойы жұмыс істейтін стационар.

«Күніне 140 науқасқа қызмет көрсетеміз. Оның ішінде 100 адам қайырымдылық, 40 адам – оңалту мен ем алуға кел­ген қала, республика тұрғындары. Пандемия кезінде бір-бірімізді қолдауымыз керек. Науқастар үлкен риза­шы­лық­тарын біл­діруде. Қайта ем алу­ға жиі келеді. Біз олар­мен ынты­мақ­тастықты жалғас­ты­руда­мыз», дейді қор жетекшісі Бибісара Бейсенбаева.

Барлық емдік шара қатаң гигие­намен жүргізіледі. Науқас­тарға тәжірибелі мамандар қыз­мет көрсетеді. Аталған қа­йы­рымдылық қорының тағы бір ерекшелігі – мұнда науқастар мен қарттар әлеуметтік және ме­дициналық көмек алумен қатар, өз мүмкіндіктерін іске асырып, ақ­ша табады.

«Біз келушілерді ара­ қа­шық­тыққа назар аударып, маска тағу тәртібі мен жеке гигиенаны сақтауға, өз денсаулығына мән беруге шақырамыз. Үйдегі ка­ран­тин жағдайында да дене, ты­ныс алу жаттығуларын жа­сауға болады. Сол арқылы сіз им­мундық жүйені нығайтып, жа­ғымды эмоциялар аласыз, өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасайсыз», дейді реабилитолог-дәрігер Алтынай Сатмағанбетова.