Парламент • 31 Шілде, 2020

Н. Нығматулин қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Н. Нығматулин қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

"Барша қазақстандықтарды мұсылман қауымының ең бір қасиетті де ұлық мерекесі – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мейрам бірлігімізді нығайтып, халқымыздың татулығын арттырып, елдігімізді күшейтеді. Осы қасиетті мерекеде жасаған қайырымды істеріңіз бен ниеттеріңіз қабыл болсын!

Құрбан айттың басты құндылықтары – ол адамдардың бір-біріне жанашырлықпен қарауы, қамқорлық танытып және жақсылық жасауы. Осындай ізгі де мейірімді амалдар бүгінгідей күрделі кезеңде әрбір адамға өте қажет", – деді Нұрлан Нығматулин.

Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы барлық қазақстандықтарға зор денсаулық, амандық және әрбір отбасына бақ-береке тiледі.