Аймақтар • 31 Шілде, 2020

Батыс Қазақстанда есірткі егушілер көбейген

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батысқазақстандық полиция қызметкерлері құрамында есірткі заттары бар өсімдікті арнайы өсірген 12 оқиғаны анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz

Батыс Қазақстанда есірткі егушілер көбейген

Өңірлік Полиция департаменті есірткіге қарсы күрес басқармасының бастығы Әлішер Сарының айтуынша, жыл басынан бері тыйым салынған өсімдіктерді егіп-баптаған 12 оқиға әшкере болған.

Бөрлі ауданында өткен жедел шара кезінде 55 жастағы азаматтың ауласында өсіп тұрған 24 түп қарасора өсімдігі табылған. Орал қалалық полиция басқармасына қарасты есірткіге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері саяжайында 51 түп қарасора өсірген 47 жастағы азаматты ұстаған. Сондай-ақ құқық қорғауылардың күдгіне ілінген 1974 жылы туған азаматтың мекенжайын тексерген кезде оның өз үйінде 36 түп қарасора өсімдігінкүтіп-баптап өсіріп отырғаны анықталған. Оның үстіне бұл үйден целлофан пакетке салынған, қағазға, газетке оралған жасыл түсті ұнтақ табылған.

Бүгінде аталған оқиғалар бойынша қылмыстық іс көтеріліп, тыйым салынған есірткі өсімдігін өсіргені үшін өсірген күдіктілердің үстінен тергеу жүріп жатыр.