Аймақтар • 31 Шілде, 2020

Атырауға кіре берістерде мобильді бекеттер тұр

441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полиция қызметкерлері құрбандыққа шалынатын малдың Атырау қаласына кіргізілмеуін қадағалап тұр, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауға кіре берістерде мобильді бекеттер тұр

Бұл үшін "Атырау-Астрахань", "Атырау-Орал", "Атырау-Доссор", "Атырау-Индер" бағытына қатынайтын жолдардың Қараөзек, Береке, Ақжар ауылдары мен телемұнара тұсына мобильді бекеттер қойылды. Сондай-ақ мұндай мобильді бекет бірі Батыс Қазақстан облысымен шекарадағы Аққала елді мекенінің  маңында да тұр.

Азаматтарды облыс аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын, жұқтыру фактілерін азайтуға бағытталған шектеулерді, Құрбан айт мерекесі күндері іс-шараларды өткізуге тиым салу туралы  қаулы талаптарын  орындауға шақырамыз. Бұған дейін  жарияланған пандемия жағдайында құрбандық шалу алгоритмін сақтау керек", деді облыстық полиция департаментінің басшысы Қамза Үмбетқалиев.