21 Қазан, 2013

Оңтүстікте жоғалған бүлдіршін табылды

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21 10-NyrulaОңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында осыдан оншақты күн бұрын жоғалып кеткен 6 жасар Нұрай Өмірәлі табылды. Бұған дейін бірқатар ақпарат құралдарының таратқан мәліметі бойынша оны 9 қазан күні өзі оқитын мектептен белгісіз бір әйел алып кеткен. Бұл туралы «Жетінші» телеарна хабарлады.

Алғашында Нұрайдың ата-анасы бала туралы қандай да бір ақпарат берген азаматтарға 50 мың доллар көлемінде сыйақы беруге дайын екендіктерін айтқан-ды. Осыдан бірер күн бұрын жасөспірімнің атасы Уәлихан Исабай белгісіз біреулердің Нұрайды таңертең қаладағы «Бекжан» базарына тастап кеткенін мәлім етті.

Бақытбек Кенешұлы.

Соңғы жаңалықтар