2020 жылғы 30 шілде күні Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының қоғамдық кеңес төрағаларымен онлайн-кездесу өткізді. Бұл туралы Ақпарат және даму министрлігі хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Кездесу барысында қоғамдық кеңестерге қатысты әлеуметтік нормалар мен ережелерді бір жүйеге келтірудің өзекті мәселелері қозғалды.
"Қоғамдық кеңестер мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есеп берушілігін қамтамасыз ете отырып, институционалдық реформаны қозғаушы күшке айнала алмай отырғаны жасырын емес. Өкінішке қарай, көптеген жағдайларда қоғамдық кеңестердің ұсынымдары мемлекеттік органдар тарапынан қараусыз қалады. Бұл тұрғыда мемлекеттік шараларды қоғамдық бақылау әрқашан да пәрменді тетік болып қала бермек. Пандемия бұл жұмыстың қаншалықты маңызды екенін көрсетті", - деді Аида Балаева.
Сондай-ақ кездесуде қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру және олардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуы бойынша нақты ұсыныстар айтылды. Министрлік жақын арада қоғамдық кеңестердің іске асырылып жатқан барлық жобамен танысып қана қоймай, оларға одан әрі қоғамдық бақылау бастамасымен талдау жасауды көздейтін мемлекеттік бағдарламалардың бірыңғай порталын іске қосуды жоспарлап отыр.
Кездесуде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жағдай жасауға бақылау жүргізу жөніндегі мәселелер де шетте қалмады. Бұл бағытта бүгінгі таңда Министрлік жанынан арнайы комиссия құрылған. Қоғамдық кеңестерге проблемалар мен мәселелер көтерумен ғана шектелмей, тәжірибе алмасуда да белсенді болулары ұсынылды.
"Қоғамдық кеңестердің әлеуеті өте жоғары. Тек оны барынша пайдалану керек және институционалдық еркіндікті көбірек көрсету керек. Адамдар бізден осыны күтіп отыр", - деп атап өтті министр.
Алматы қаласының, Атырау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының қоғамдық кеңес төрағалары жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп қана қоймай, пандемия кезеңінде қоғамдық кеңестердің қоғам өміріне белсенді қатысуын жандандыру бойынша бірқатар ұсыныс енгізді.
Осылайша, Атырау облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы М.Өтешов ҚК-ке әдістемелік қолдау көрсететін Республикалық әдістемелік орталық құруды ұсынды. Бұдан басқа, ол ҚК туралы заң жобасына өнеркәсіптік өңірлердегі шетелдік компаниялармен өзара іс-қимылға қатысты түзетулер енгізуді ұсынды.
Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы Р.Алшанов алдағы сайлауда мәслихат депутаттығына сайлау үшін қоғамдық кеңестердің лайықты мүшелерін ұсыну туралы пікірін айтты.
Қарағанды облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы Е.Аймағамбетов өңірлердің экологиялық әл-ауқатын жақсарту бойынша шаралар қабылдау қажеттілігі туралы айтты.
Солтүстік Қазақстан облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы Қ.Едіресов өз сөзінде ауыл жастарын қолдау, оларды жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту бойынша шаралар қабылдау қажеттігі туралы мәлімдеді.
Бұдан басқа, қоғамдық кеңестер Мемлекет басшысының карантинді екі аптаға ұзарту туралы шешімін бірауыздан қолдады, бұл ретте мұндай шаралар халықтың денсаулығы мен әл-ауқатына оң ықпал ететінін атап өтті.
Жалпы, кездесу аясында қоғамдық кеңестер қызметін жетілдіруге және олардың рөлін арттыруға ықпал ететін бірқатар перспективалық тетіктер ұсынылды. Олардың ішінде ҚК-дің үйлестіру орталығын құру, орталық деңгейде ұсынымдар мен шешімдерді одан әрі әзірлеу үшін өзекті проблемалардың бірыңғай базасын құру, ҚК өкілдерінің, оның ішінде сараптамалық орталықтардың әлеуетін арттыру, өңірлердегі қоғамдық кеңес мүшелерінің бастамаларын қолдау бойынша шағын гранттар бағдарламасын іске асыру.
Кеңестердің министрлікпен одан әрі өзара іс-қимылын жақсарту мақсатында азаматтық қоғам істері Комитетімен 10 күнде бір рет, министр А.Балаевамен – айына бір рет, Үкімет деңгейінде - әрбір жарты жылдықта қоғамдық кеңестермен тұрақты кездесулер ұйымдастыру ұсынылды.
Сондай-ақ министрлік мұндай кездесулерді жарты жылда бір рет Үкімет деңгейінде өткізіп отыру туралы ұсыныс енгізетін болады.
А.Балаева Үкімет жанынан ҚК үйлестіру орталығын құру, өзекті мәселелердің бірыңғай базасын ашу, сарапшылар базасын қалыптастыру арқылы қоғамдық кеңес сараптамалық әлеуетін күшейту қажеттігін атап өтті.
А.Балаева, кездесуді қорытындылай келе, министрліктің қай кезде де ынтымақтастыққа ашық екенін және барлық мәселелер бойынша өзара диалогқа дайын екенін атап өтті. Бұл тұрғыда қоғамдық кеңестер "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асырудың негізгі құралы ретінде қарастырылады.
Анықтама: Қоғамдық кеңестер мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы диалог нысаны ретінде 2016 жылы "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде құрылды.
Бұл мемлекеттік емес институттар мемлекеттік шешімдер қабылдаудың ашықтығын арттыруға арналған консультативтік-кеңесші, бақылаушы органдар болып табылады.
Бүгінгі күні Қазақстанда республикалық және жергілікті деңгейлерде 234 қоғамдық кеңес жұмыс істейді (Республикалық деңгейде – 18, өңірлік деңгейде – 216). Қоғамдық кеңестердің жұмысына 3500-ден астам адам қатысады.
Көкшетауда жігіт сауда үйінің терезесінен құлап мерт болды
Аймақтар • Кеше
Киік мүйізінің 293 данасы тәркіленді
Оқиға • Кеше
Батыс Қазақстандағы Бөрлі ауылында карантин шаралары күшейтілді
Аймақтар • Кеше
Иманбек Зейкеновтің жаңа туындысы жарыққа шықты
Өнер • Кеше
Динара Сәдуақасова турнирге қатысудан не себепті бас тартқанын айтты
Қазақстан • Кеше
Елорда әкімі мердігерлерге ыңғайлы жол салуды тапсырды
Елорда • Кеше
Маңғыстауға «Sputnik V» вакцинасының кезекті партиясы жеткізілді
Аймақтар • Кеше
Мәдениет министрінің қатысуымен қызметкерлер 300 түп ағаш екті
Экология • Кеше
Алматыда түске дейін 55 тұрғынға вакцина егілді
Аймақтар • Кеше
Аграрлық мамандықтарға бөлінетін ауыл квотасы артты
Білім • Кеше
Санкт-Петербургте Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды
Руханият • Кеше
Орталық мемлекеттік архивке жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
ІІМ Риддердегі бала өліміне байланысты үндеу жасады
Аймақтар • Кеше
«Нұр-Сұлтан – Теміртау» тас жолын су шайып кетті
Аймақтар • Кеше
Шымкенттің төрінде «Егемен Қазақстан» көшесі ашылды
Аймақтар • Кеше
Татьяна Ахметова Олимпиада жолдамасын иеленді
Күрес • Кеше
Әзербайжанда «Қазақ әдебиеті апталығы» өтіп жатыр
Қазақстан • Кеше
Алтай Көлгінов елорданы велосипедпен аралап шықты
Елорда • Кеше
Президент Ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Президент • Кеше
Республика бойынша 8 өңір қызыл аймақта тұр
Қазақстан • Кеше
Елордада Жоғарғы сот судьясы қамауға алынды
Оқиға • Кеше
Елордалық оқушылар IV тоқсанда қалай оқиды?
Білім • Кеше
Пневмониядан 1 науқас қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Елімізде 1511 адам коронавирустан айықты
Коронавирус • Кеше
Қазақстанда бір күнде 2734 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының отырысы өтті
Саясат • 09 Сәуір, 2021
Шымкентте триатлоннан Қазақстан чемпионаты өтеді
Спорт • 09 Сәуір, 2021
Қазақстан елшісі Швецияның Сыртқы істер министрімен кездесті
Саясат • 09 Сәуір, 2021
ШҚО-да тұрғындар эвакуацияланды
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Қазақстанда қанша микроқаржы ұйымы жұмыс істейтіні белгілі болды
Экономика • 09 Сәуір, 2021
Президент Атырау және Ақтөбе облыстары әкімдерінің есебін тыңдады
Президент • 09 Сәуір, 2021
Елбасы Ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Елбасы • 09 Сәуір, 2021
Биыл 4 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Қоғам • 09 Сәуір, 2021
Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен келіссөз өткізді
Үкімет • 09 Сәуір, 2021
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Қостанай облысында жаппай вакцина егу басталады
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
М.Әйтенов: Халыққа вакцина егудің маңыздылығын қарқынды насихаттау керек
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы қалай жүзеге асырылып жатыр?
Руханият • 09 Сәуір, 2021
Президент ғарыш саласының мамандарына ризашылығын білдірді
Президент • 09 Сәуір, 2021
Ұйғыр ауданының судьясы жемқорлық фактісімен күдікке ілінді
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Түркістан облысында вегетациялық маусым қалай өтеді
Экология • 09 Сәуір, 2021
Алматыда тау баурайы отқа оранды
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Қабдеш Жұмаділовтің соңғы сұхбаты эфирге шығады
Руханият • 09 Сәуір, 2021
Филипп ханзаданың қазасы: Ұлыбританияда ұлттық аза тұту күні жарияланды
Әлем • 09 Сәуір, 2021
Түркістан облысында 7 тойхананың жұмысы тоқтатылды
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Әйелдер ипотекасы қашан іске қосылатыны белгілі болды
Экономика • 09 Сәуір, 2021
Қазақстандық вакцина қашан дайын болады?
Қазақстан • 09 Сәуір, 2021
Жемқорлық: «СҚ-Фармацияның» экс-басшысына қатысты істің жайы белгілі болды
ANTIKOR • 09 Сәуір, 2021
Полиция қызметкері 14 жастағы қызды өлімнен аман алып қалды
Қоғам • 09 Сәуір, 2021
Президент елдегі жолдардың сапасына қатысты сын айтты
Президент • 09 Сәуір, 2021
Батыс Қазақстанда өзен жағасынан малдың өлекселері табылды
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Алматыда карантин күшейтіле ме?
Коронавирус • 09 Сәуір, 2021
Алматы полициясы мылтықтан оқ атқандарға қатысты түсініктеме берді
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Тбилисиде грузин тіліндегі Абай өлеңдерінің жинағы жарық көрді
Абай • 09 Сәуір, 2021
Қызылорда облысында заңсыз балық аулаудың екі дерегі анықталды
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
ШҚО: Қызға қол көтерген басқарма басшысы жұмыстан қуылды
Оқиға • 09 Сәуір, 2021
Елордада тарауих намазы мен ауызашар рәсімдері өткізілмейді
Қоғам • 09 Сәуір, 2021
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссияның алдағы міндеттері қандай?
Үкімет • 09 Сәуір, 2021
Коронавирус вакцинасы оразаны бұзбайды - Жанна Пірәлиева
Коронавирус • 09 Сәуір, 2021
Зейнетақыға үстемеақы қосылатыны рас па?
Қоғам • 09 Сәуір, 2021
Ақтөбеде 10 мыңға жуық адам вакцина қабылдады
Медицина • 09 Сәуір, 2021
Алтай Көлгінов жол қызметкерлерінің жұмысын сынға алды
Аймақтар • 09 Сәуір, 2021
Қазақстанның Қарулы Күштерінде бақылау тексерісі өтіп жатыр
Қоғам • 09 Сәуір, 2021
Ұқсас жаңалықтар