Аймақтар • 28 Шілде, 2020

Павлодар облысында әртүрлі пневмониядан 428 адам көз жұмған

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оның ішінде 85-і маусым айында, 314-і шілде айының басынан бүгінге дейін, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысында әртүрлі пневмониядан 428 адам көз жұмған

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасы  басшысының м.а. Біржан Досмаилов айтты.

"Кеше кешке көпшілігіңіз коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хабарламасын оқыдыңыздар", - деп атап өтті Біржан Досмаилов. 

Бұл денсаулық сақтау басқармасына және жеке өзіме де қатысты көптеген сыни сұрақтар тудырды.  Облыстың бас дәрігері ретінде мен сіздерге бұл сандар қаншалықты қайғылы болса да пневмониямен ауыратын науқастар арасындағы өлім-жітім туралы статистиканы жариялауды міндет деп санаймын.2020 жылдың басынан бері Павлодар облысында 428 адам қайтыс болды, оларға әртүрлі пневмония диагнозы қойылған. Оның ішінде 85-і маусым айында, 314-і шілде айының басынан бүгінге дейін.