Спорт • 28 Шілде, 2020

UCI 2021 жылға арналған күнтізбені жария етті

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) 2021 жылға арналған маусым күнтізбесін бекітті деп жазады Olympic.kz. 

UCI 2021 жылға арналған күнтізбені жария етті

Жылдың үш негізгі Гранд-туры саналатын бәсекелердің өтетін мерзімі төмендегідей:  8-30 мамыр: "Джиро д’Италия"; 26 маусым-18 шілде: "Тур де Франс"; 14 тамыз-5 қыркүйек: "Вуэльта". 

2021 жылғы маусым 19 қаңтар күні Австралияда басталады. Келесі жылды Қытайдағы Гуанси бәсекесі қорытындылап тұр. 

Ұйымдастырушылар Токио Олимпиадасына байланысты "Тур де Франс" додасының өткізілу мерзіміне өзгеріс енгізген.