Әлем • 01 Тамыз, 2020

Жапонияда вирус жұқтырғандар азаймай тұр

88 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапондық "Kyodo агенттігінің" хабарлауынша, соңғы күндері Жапон аралдарында вирус жұқтырғандардың рекордтық көрсеткіші тіркелуде, - деп жазады Egemen.kz

Жапонияда вирус  жұқтырғандар азаймай тұр

Мәселен, 30 шілде күні 1305 жапондық вирус жұқтырса, 31 шілдеде SARS-Cov-2  1578 адамнан анықталған. Ал пандемия басталғалы ел көлемінде 37 мың адам оның тырнағына ілінген екен. Бұл статистикаға "Diamond Princess" лайнерінде вирус жұқтырып, Жапонияға келген туристердің де енгенін айта кеткен жөн.