Аймақтар • 01 Тамыз, 2020

Елордадағы билбордтарда COVID-19-қа қарсы күрескен дәрігерлердің суреті пайда болды

703 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл медицина қызметкерлеріне пандемия кезіндегі қажырлы еңбегі үшін көрсетілген құрмет, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Елордадағы билбордтарда COVID-19-қа қарсы күрескен дәрігерлердің суреті пайда болды

Нұр-Сұлтандағы билбордтарда елордалық аурухана дәрігерлерінің суреттері пайда болды. Осылайша, акция бастамашылары дәрігерлерге қажырлы еңбегі мен індетпен күресте өмірін сақтап қалғаны үшін алғыс білдірді. Жалпы, қаланың орталық көшелерінен 40-тан астам дәрігердің суретін көруге болады. Олар Тұрсын Раида, Дәурен Молдажанов, Марина Макиенко, Ғайса Нұрғалиев, Жазира Нубин және басқалар. Пандемиямен күресуге бес мыңға жуық дәрігер тартылған. Бүгінгі таңда біздің дәрігерлердің адалдығы мен кәсібилігін бағаламау мүмкін емес.

Бірнеше айдан бері ақ халаттылар коронавирусқа қарсы күресте алдыңғы қатарда болды. Олар бірнеше апта бойы отбасы мен достарынан жырақта, балаларын, әйелі мен күйеуін, әкесі мен анасын көрмейді. Сонымен қатар, олар аурудың азабын тартып жатқан отандастарымен күнделікті бетпе-бет келіп, адам өмірі үшін күреседі. Біздің дәрігерлердің жанқияр еңбегінің арқасында көптеген адамдар үйге анасына, әкесіне, әйелі мен күйеуіне қайта оралды. Мемлекет дәрігерлердің еңбегін жоғары бағалап, барша халық үлкен ризашылық білдіреді.