Аймақтар • 01 Тамыз, 2020

Адасқан бала үйін тапты

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданындағы Тоқушы ауылында тұратын бес жасар бүлдіршін далада ойнап жүріп, балалармен бірге орман жаққа барады. Одан әрі топ баладан көз жазып қалған бала адасып, жылап, дала кезіп кетеді, - деп жазады Egemen.kz

Адасқан бала үйін тапты

Оны тракторымен жұмыстан қайтып келе жатқан көршілес Знаменское ауылының тұрғыны Андрей Мохов көріп, айдалада кешкі мезгілде жалғыз жүрген бүлдіршінді тракторына отырғызып алады. Қорқып қалған бала оған ештеңе айта алмай, тек өзінің есімін қайталай береді. Механизатор оны өзінің үйіне әкеліп, учаскелік инспекторға телефон арқылы хабарлайды.

Бұл уақытта баланың шешесі шарқ ұрып, баланы өз ауылынан іздеп жүрген екен. Полиция капитаны Серік Жолтанов жоғалған бала туралы ақпаратты көрші ауылдарға хабарлайды. Бұл хабарды естіген шешесі де тезірек жетіп, полиция бөлімінде нан жеп отырған бөбегімен қауышады. "Әйтеуір баланың аман табылғанына бәріміз де қуандық. Ол өз ауылынан 10 шақырымға жуық жерге кетіп қалыпты. Оны тауып алып, полицияға тапсырған механизатор Моховқа да алғыс айтылды. Осы іс бойынша профилактикалық шаралар жүргізіліп, ата-аналарға балаларын бақылау керектігі ескертілді", дейді Қызылжар аудандық ПБ бастығының міндетін атқарушы, майор Жәнібек Мұхамадиев.

 

Солтүстік Қазақстан облысы