Аймақтар • 02 Тамыз, 2020

Атырауда волонтерлер құрбандық етін таратты

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңір тұрғындары qurban2020.kz сайты арқылы құрбандық шалуға 157 қой, 128 тоқты, 20 ешкі және 10 ірі қараға онлайн тапсырыс берді. Волонтерлер құрбандыққа шалынған малдың етін 300-ден астам отбасыға апарып беруге атсалысты, - деп жазады Egemen.kz

Атырауда волонтерлер құрбандық етін таратты

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпаратына қарағанда, құрбандық еті  әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың тапсырысымен таратылды. Оған Атыраудағы волонтерлар штабынан 50 ерікті мен автоволонтерлер жұмылдырылды.

"Біз құрбандыққа шалынған мал етін  көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға таратып жатырмыз. Құрбан айт күнгі ізгі ниеттер қабыл болады. Бірлігіміз арта береді деп сенемін", - деді облыстық волонтерлар штабының мүшесі Әділхан Сәрсенов.