Аймақтар • 02 Тамыз, 2020

Атырауда уақытша шектеу 17 тамызға дейін ұзартылды

636 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін, 2 тамызда облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Ғайнеденов арнайы қаулыға қол қойды. Бас санитарлық дәрігердің қаулысы  3 тамызда сағат 00:00-де күшіне енеді. Уақытша шектеу шаралары 17 тамыз сағат 00:00-дейін созылады, - деп жазады Egemen.kz

Атырауда уақытша шектеу 17 тамызға дейін ұзартылды

"Думанды, ауқымды спорттық шаралар, көрмелер, форум, конференция, сондай-ақ, отбасылық еске алу (банкет, той, мерейтой, садақа) және үй жағдайында өзгеде шаралардың өткізілуіне, сауда үйлері, сауда желілерінің, ойын-сауық орталықтарының (караоке, бильярд, компьютерлік клуб, кальян, букмекерлік кеңселер, түнгі клубтар, боулинг орталықтар, аттракциондар, балалар ойын алаңдары, батуттар және басқалар), кинотеатрлардың, барлық мәдени нысандар қызметіне (театрлар, концерттік залдар, мұражай, көрмелер және т.б.),  балалар сауықтыру лагерлерінің, мектепке дейінгі ұйымдардың, балалардың коррекциялық кабинеттерінің, білім орталықтарының, балаларды дамыту орталықтарының, үйірмелер, балаларға және ересектерге арналған курстарға, фудкорт, банкет залдарының, СПА орталықтары, жаттығу залдары, фитнес орталықтары, спорттық-сауықтыру орталықтары, бассейн, қоғамдық монша, сауна, сұлулық салондары, шаштараз, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін, маникюр, педикюр қызметін көрсететін орталықтар мен салондар, қалалық және қоғамдық жағажайлар, аквапарктер, демалыс орындарының, жабық ғимараттағы азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың,  көлік жуу, автомобильдерді жөндеу, тұрмыстық қызмет түрлеріне қызмет көрсетуге,  бизнес орталықтардың ( адвокат, нотариус, бухгалтерлік және кеңес беру қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және басқалар) қызметіне тыйым салынсын,   діни орындар (мешіт, шіркеу, ғибадатхана, синагог және т.б) қызметі тоқтатылсын", -делінген қаулыда.

Сондай-ақ, облыс аумағындағы қалалар мен елдімекендерге автобустар,  Алматы қаласына, Ақтөбе және Маңғыстау облысына пойыздар қатынамайды. Тұрғындар мен автокөліктің қозғалысына түнгі сағат 23:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін тыйым  салынып отыр.

Азық-түлік дүкендері сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал, азық-түлік емес дүкендер, дәмханалар мен мейрамханаларға, кондитерлік өнімдерді дайындаумен және сатумен айналысатын  сауда орындарына, зоодүкендерге  "үйге жеткізу" қағидатымен сағат 10:00-21:00 аралығында жұмыс істеуге рұқсат берілді. Дәріханалардың жұмысы таңғы сағат 8:00-ден кешкі сағат 22:00-ге созылады.