Әлем • 02 Тамыз, 2020

COVID-19: Аустралияда жағдай ауырлады

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аустралияның Виктория шататы COVID-19 өршуі жайында дабыл қағып, Мельбурнға коменданттық уақыт енгізді деп хабарлайды Reuters.

COVID-19:  Аустралияда жағдай ауырлады

Елдегі екінші қала саналатын Мельбурн бұған дейін де 6 апта карантинге жабылған еді. Бір күннің ішінде ауру жұқтырған викториялықтар саны 671 адам болып, 5 млн тұрғыны бар штат  орталығы сағат 20:00 ден 05:00- ге дейін коменданттық сағаттың тәртібіне бағынуы тиіс деген шешім шыққан. Виктория Премьер-министрі Дэниел Эндрюс: "Қатаң тәртіп ауруды күнделікті мыңдаған адамның жұқтыруын шектейді деп ойлаймыз. Осыған дейінгі шаралардың тиімділігі аз болуына байланысты азаматтардың енді үйлерінен тек жұмысқа бару үшін және көмек алуға ғана шығуына рұқсат", деп мәлімдеді.

Бұған қоса Мельбурн тұрғындарының далаға, таза ауаға шығуына да белгілі бір тәртіптер енгізілген. Супермаркеттер жұмысы тоқтамағанымен, мейрамхана мен дәмханалар есігі келушілерге жабық, тек тапсырыс қабылдап, үйге жеткізіп беруді  мойнына алады.