Қоғам • 03 Тамыз, 2020

3ZHAŃAÁDET челленджі

739 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

#3zhańaádet челленджі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен халық және бизнес өкілдерінің арасында санитарлық нормалар мен әлеуметтік қашықтықты сақтауды насихаттау мақсатында шілде айының ортасында қолға алынған болатын. Содан бері оны қызу қолдаған қауымның қарасы қалың.

3ZHAŃAÁDET челленджі

Челленджге белгілі спортшылар, журналистер, блогерлер мен шоу-бизнес өкілдері қолдау көрсетті. Бұл қатарда Серік Са­пиев, Қымбат Досжан, Ғалым Байтоқ, Қайрат Әділгерей, сая­саткер Ерлан Сайыров, сон­дай-ақ белгілі кәсіпкерлер мен палата қызметкерлері бар.   Кәсіп­керлер аталған әлеуметтік ма­рафонға қатысып қана қоймай, сон­дай-ақ өз ресурстарын қол­данып жатыр.

23 шілдеде солтүстік өңірдің дүкен сөрелерінде азаматтар­ды маска кию, әлеуметтік қа­шық­тықты сақтау, қолды жиі жуып тұ­руға шақыратын стикер жап­сырылған жұмыртқа қораптары пайда болды.

#3zhańaádet жалпыұлттық чел­­ленджін «Фирма Алекри» ЖШС да қолдады. Ақпа­­рат­­тық жапсырмала­ры бар өнім «Се­мейный» супер­мар­кет­тері желі­сінде сатылымға шық­ты. Солтүстік Қазақстан облы­сының Кәсіпкерлер пала­тасы­ның ди­рек­торы Арман Ораз­­­ғұловтың айтуынша, пандемия жағдайында мұндай про­фи­лактикалық шаралар әр адам­ның өмірлік нормасына айналуы тиіс.

– Бүгінде бизнес пен қоғам қиын жағдайда қалғаны белгілі, осы жағдайдан барынша тез шы­ғып, қалыпты өмірге оралуы­мыз сіз бен бізге байланыс­ты. Осыған орай солтүстікқазақ­стандықтарды санитарлық нормаларды сақтауға шақырамын. Біріншіден, әрине, қоғамдық жерлерде маска кию, әлеуметтік қашықтықты ұстану және қолды жиі жуып жүруге ша­қырамыз, – дейді Арман Ораз­ғұлов.

«Алекри» құс фабрикасы – Сол­түстік Қазақстан облысында ғана емес, сондай-ақ басқа өңір­лер мен көрші елдерге сапалы өнім жеткізетін жұмыртқа өндіруші ірі компания. Жыл са­йын кәсіпорын 150 млн дана жұмыртқа  мен 300 тонна құс етін шығарады.

– Біз қашан да саламатты өмір сал­тын қолдаймыз. Ал қазіргі жағ­дайда денсаулығымыз, бү­кіл адамзат саулығы, демек эко­­­­­но­миканың дамуы мәселесі бі­­рін­­ші кезекте тұрған шақта мұн­дай профилактикалық шаралар ешқашан артық болмайды. Осы әдеттер бойға неғұрлым тез сіңсе, қалыпты өмірге соғұрлым тез ораламыз. Сондықтан барша адамды қоғамдық орындар­да маска кию, екі метрдей ара­қа­шықтық сақтау, қолды са­бын­мен жуып тұру сынды қара­пайым қауіпсіздік шарала­рын ұстануға шақырамын. Со­нымен қатар әріп­тестерімді, кәсіп­керлерді осы ак­цияға атса­лы­­суға шақырамын, – дейді «Фир­ма Алекри» ЖШС директоры Александр Прядко.

Кәсіпкерге «Семейный» су­пер­­маркеттер желісінің өкіл­дері де қолдау білдіріп, сыртында үндеу жапсырмалары бар жұмыртқа қаптамалары супермаркет сөрелеріне қойылды.

Мұндай стикерлер Ба­тыс Қа­зақстан облысында «Ал­тын­дар» супермаркетінде отан­дық өн­дірушілер өнімдері қапта­ма­ларында да пайда болды. «Ата­мекен» ҰКП бастама­сын «Белес» агрохолдингі, «Терек­ті май комбинаты» ЖШС,  «Нұр­жанар» АҚ және «Родник» фирмасы қолдады.

– Қалыпты өмірге, бұған де­­­йінгі тыныс-тіршілігімізге тез орал­­ғымыз келеді. Бәрі өз қо­лы­мызда, көп нәрсе өзімізге байланысты. Батыс Қазақстан халқын санитарлық нормаларды ұстануға үндейміз. Жеке гигиенаның қағи­даларын елемеуге болмайды. Осы жаңа үш әдет өмірдің салтына айнал­сын», – деп атап өтті Батыс Қа­зақ­стан облысы Кәсіп­керлер па­латасының директоры Бақ­дәулет Ибраимов.

#3zhańaádet жалпыұлттық чел­ленджі халық және бизнес арасында санитарлық нор­­ма­ларды насихаттауға ба­ғыт­­тал­­ған. Қазіргі таңда пан­де­мия жағ­дайында үш қара­па­­йым әдет­ті сақтау аса ма­ңыз­ды. Бі­­­рін­ші – әлеуметтік қа­шық­тық­ты сақ­тау. Екінші – мас­ка және қол­ғап кию. Үшінші – қол­ды жиі жуып, антисептикпен зарар­сыздандыру.