Аймақтар • 03 Тамыз, 2020

Биыл біраз отбасы баспаналы болады

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облыстық әкімдігі мен «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің баста­масымен өңірде «Асарлатып үй салу» жобасы бас­талып та кетті. Мұн­дағы мақ­сат аудан, ауылды жерлердегі бас­па­наға мұқтаж азаматтарға көп­тің көмегімен үй салып беру болып отыр.

Биыл біраз отбасы баспаналы болады

Бүгінде тоғыз жолдың торабында орналасқан Қордай ауданында бұл бастама ел игілігіне қызмет етуде. Мәселен, аудан бойынша баспанаға мұқтаж 25 отбасы анықталып, қазіргі кезде 15 отбасын тұрғын үймен қам­ту жұ­мыстары басталып кетті. Ағым­­­дағы жылы аудандағы Алға, Жамбыл, Степное, Қасық, Ауқат­ты, Қарасу және Отар ауылдарында тұратын көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар мен жал­ғызбасты аналар баспаналы болады. Сол сияқты асарлатып үй салу жұмыстары Әлжан ана ауылында да жалғасын табуда. Мұнда да анасынан ерте айырылып, әке­сі­нің қамқорлығынсыз қалған ағайынды екі баланы тұрғын үй­мен қамту жұмысы жүргізілуде. Әлжан ана ауылдық округі әкім­дігінің ұйытқы болуының және кәсіп­кер азаматтардың қайы­рым­­дылығының нәтижесінде бос тұрған үй бүгінде күрделі жөн­деуден өтуде. Аталған үйдің есік-терезелері ауыстырылып, іші әкте­ліп, сырланып, ескі қоралар техни­каның күшімен сүріліп тасталған. Енді бұл үйге көгілдір отын мен электр желілерін тарту мәселелері ұйымдастырылуда.

 

Жамбыл облысы