Америкалық футбол клубының қазіргі бағасы – 5,5 млрд доллар. Ал клуб иесі Джерри Джонстың байлығы 8,5 млрд долларды құрайды. Екінші және үшінші орындарға да АҚШ командалары орналасқан. Екінші сатыда тұрған «Нью-Йорк Янкиз» бейсбол клубының қазіргі бағасы 5 млрд доллар болса, үздік үштікті түйіндеген «Нью-Йорк Никс» баскетбол клубының бағасын Forbes басылымы 4,6 млрд долларға бағалаған.
Кейінгі орындарға «Лос-Анжелес Лэйкерс» (баскетбол, 4,4 млрд доллар), «Голден Стэйт Уорриорз» (баскетбол, 4,3 млрд доллар), «Реал» (футбол, 4,24 млрд), Нью-Ингленд Пэтриотс», (америкалық футбол, 4,1 млрд доллар), «Барселона», (футбол, 4,02 млрд), Нью-Йорк Джайентс» (америкалық футбол, 3,9 млрд доллар) және «Манчестер Юнайтед» (футбол, 3,81 млрд доллар) командалары орналасқан.