"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңесімен біз 2020 жылдың 1 тамызынан бастап КВИ мен пневмония бойынша статистиканың біріктіру туралы шешім қабылдадық. Көп адам ДДСҰ бұл туралы 18 шілдеде хабарласа, Қазақстан статистиканы неліктен 1 тамыздан бастағалы жатыр дейді.
Себеп мынада: бізге кодировка мен пациенттерді тіркеу жүйесінің сенімділігін қамтамасыз ету алгоритмін әзірлеу үшін, қазіргі ақпараттық жүйені баптап, жаңа мәліметтерді енгізу үшін персоналды дайындауға екі аптаға жуық уақыт керек болды. Бұл өте күрделі әрі көп күшті талап ететін шаруа.
Біздің алдымызда аз уақыттың ішінде дәрігерлерді коронавирус пневмониясының белгілерін анықтап, оны есеп жүйесіне тіркеу міндеті тұрды. Біз бұл жұмысты атқардық. Ендігі кезекте ДДСҰ-ның соңғы стандарттарына сәйкес науқастардың бәрін тіркеуге дайынбыз", деді Денсаулық сақтау министрі.
Қазақстан ДДҰ-ның соңғы стандарттарына сәйкес науқастардың бәрін есепке тіркеуге дайын. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады, - деп жазады Egemen.kz
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Кеше
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Кеше
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Кеше
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Кеше