Балықты аулаудың да заңмен бекітілген қағидасы бар. Алайда, бекіре тұқымдас бағалы балықтар қорына суық қолын сұғатындар мұны елей бермейді.

Дегенмен, облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиевтың айтуына қарағанда, биылғы алтыайда балық қорын қорғауға қатысты құқықбұзушылықтарды төмендетудің мүмкіндігі артты. Бұған әсіресе, браконьерлік үшін берілетін жазаның қатаңдатылуы оң ықпалын тигізіп отыр. Сондай-ақ, карантин режимінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген іс-шаралардың әсері тиіпті.
"Жыл басынан бері жүргізілген профилактикалық іс-шаралар кезінде табиғат қорғау заңдылығы 337 рет бұзылғаны анықталды. Оның 305-і балық қорына қол сұғушылыққа қатысты болды. Осыған байланысты полиция қызметкерлері 57 қылмыстық іс қозғады. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 383-бабымен (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) 276 хаттама толтырылды" дейді департамент бастығы Қамза Үмбетқалиев.
Полиция қызметкерлері алты айда құқық бұзушыларға 3 млн теңгеден астам айыппұл салды. Айыппұлдың 1,5 млн теңгеден астамы өндірілді. Заңсыз сауда айналымынан 9 тоннадан астам балық тәркіленді. Оның ішінде 999 кило бекіре тұқымдас бағалы балық түрлері бар. Сондай-ақ, заңсыз балық аулаушылардан 284 ау мен 2 суда жүзу құралы алынды.
Шахрат Нұрышев: Елбасы Түркі әлемінің болашағына сенім білдірді
Қазақстан • Бүгін, 16:28
21 хан, 8 сұлтан. Түркістанға тағы кімдер жерленген
Қоғам • Бүгін, 16:22
Тарихи нысандарды қалпына келтіруде әуесқой көзқарасқа жол берілмейді – министр
Қоғам • Бүгін, 16:14
«Халифа Алтай» мешітінде вакцина егу пункті жұмысын бастады
Аймақтар • Бүгін, 16:12
Шөкеев: Түркістан – бауырлас елдерді ортақ мақсатқа жұмылдыратын бағдар болуы тиіс
Қазақстан • Бүгін, 16:10
Маңғыстауда сирек кездесетін қызғалдақ гүлдеді
• Бүгін, 16:08
Түркістанға келушілер саны 3,5 млн-ға дейін ұлғаяды – Ақтоты Райымқұлова
Қоғам • Бүгін, 15:52
Алматыда құны 66 миллиард теңгеден астам 5 мыңнан аса пәтер салынды
Қазақстан • Бүгін, 15:24
«Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» атты халықаралық конференция басталды
Руханият • Бүгін, 15:00
Алматыда 12 600 оқушыға арналған 8 жаңа мектеп салынады
Білім • Бүгін, 14:57
Ақтөбеде жаяу жүргіншіні жүк көлігі қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:27
БҚО-да карантин талаптарын бұзғандарға 4,2 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:58
Тұтынушы үшін дәрілік нұсқаулықтардың түсінікті болуы маңызды
Медицина • Бүгін, 13:40
Қазақстан Ұлттық Банкі мен ХВҚ екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Экономика • Бүгін, 13:28
Эльдар Уркумбаев Массачусетс технологиялық институтының грантына ие болды
Білім • Бүгін, 13:13
Қазақстанда 12 градусқа дейін аяз болады
• Бүгін, 13:00
Бақылаудағы тарих: Біз одан арыла алдық па?
Тарих • Бүгін, 12:45
Мемлекет басшысы ақын Есенғали Раушановтың отбасына көңіл айтты
Президент • Бүгін, 12:43
Ұқсас жаңалықтар