Аймақтар • 03 Тамыз, 2020

Жамбылда 163 мың адам 6,9 миллиард теңге көлемінде әлеуметтік көмек алған

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде енгізілген карантин шараларына байланысты табысынан айырылған адамдар 42 500 теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік төлем ала алатын болып бекітілген еді.

Жамбылда 163 мың адам 6,9 миллиард теңге көлемінде әлеуметтік көмек алған

Бүгінгі таңда Жамбыл облысында төлем жасауға 174 мың 744 адам өтініш берген. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Олжас Баққараевтың айтуынша, өтініш білдіргендердің ішінде 163 мың 546 жамбылдық тұрғындарға мемлекет тарапынан 6,9 миллиард теңге көлемінде көмек көрсетілген. "Автоматты түрде, яғни проактивті форматта, облыстың 65 мың 127 тұрғынына төлем төленді. Олардың қатарында шектеу шаралары салдарынан табысынан айрылғандар, алдыңғы айларда өтініш білдірген және төлем алған адамдар да бар", дейді Олжас Баққараев.

Сонымен қатар, облыстың барлық ауданында штабтар жұмыс істейді. Олардың құрамында жергілікті атқарушы органдардың, кәсіпкерлер палатасының, кәсіподақ пен ішкі істер департаментінің өкілдері де бар. Бүгінде штабта келіп түскен 20 мың 342 өтінімнің ішінде 20 мың 030 өтінім қаралып, комиссия мүшелерімен 16 мың 250 өтініш мақұлданған. Ал, 3780 өтініш қанағаттандырылмаған.

 

Жамбыл облысы