Руханият • 03 Тамыз, 2020

Шілдеде сall-орталығы 4748 діни сұраққа жауап берді

522 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі мамандары, қала және облыстардағы пәтуаға жауапты қызметкерлер, сондай-ақ республикалық сall-орталығы шілде айында халықтан түскен жалпы 4748 діни сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Шілдеде сall-орталығы 4748 діни сұраққа жауап берді

Еске сала кетейік, діни тақырыптарда сұрақ-жауап телефон, жеке кездесу және әлеуметтік желілер арқылы жүргізілді. Бұл айда сұрақтардың басым көпшілігі құрбандық тақырыбында болды.

Шілде айында жеке кездесу арқылы 552 сұраққа, қоңырау шалу арқылы 2300 сұраққа, әлеуметтік желілер арқылы 1896 сұрақққа жауап берілді. Карантин жағдайына байланысты жеке кездесу арқылы қойылған сұрақтардың саны азайған. Сонымен қатар muftyat.kz сайтында 23 тақырыпта сұрақ-жауап жарияланды.

Кез келген діни мәселені ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа ісіне жауапты мамандарынан, сондай-ақ Діни ақпарат орталығынан (call-center) сұрап біле аласыздар.

 
Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше