Экономика • 03 Тамыз, 2020

Денсаулық сақтау вице-министрі екі айға қамауға алынды

589 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұған дейін Қаржы мониторингі комитеті Олжас Әбішевтің қамауға алынғанын растап, бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген еді, деп хабарлайды Egemen.kz

Денсаулық сақтау вице-министрі екі айға қамауға алынды

Ал бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баспасөз мәслихатында ведомствоның вице-министрі өткен аптада өз еркімен қызметінен кету туралы өтінім бергенін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевті Экономикалық тергеу қызметі қызметкерлері қамауға алды.