Үкімет • 04 Тамыз, 2020

Коронавирустық жағдайлардың тәуліктік өсім деңгейі 1,2% аспайды

2504 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz

Коронавирустық жағдайлардың тәуліктік өсім деңгейі 1,2% аспайды

"Жалпы елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келе жатқанын көріп отырмыз. Коронавирустық инфекция тіркелген жағдайлардың тәуліктік өсім деңгейі 1,2% аспайды. Қазіргі уақытта емделіп шыққан адамдар барлық ауру жұқтырған адамдардың 69,4 пайызын құрайды. Қалған науқастар қажетті медициналық көмек алуда. Ауруханалардың жүктемесі 36 пайызға дейін төмендеді. Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша апта қорытындысында инфекцияның репродуктивтік деңгейі 1-ден төмен келесі облыстарды атап өтуге болады. Олар - Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Павлодар облыстары және Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалалары",  деді Премьер-Министр.

Асқар Мамин инфекцияның репродуктивтік деңдейі Қостанай мен Ақмола облыстарында 1-ден жоғары тіркелгенін атап өтті.

"Бұл өңірлердің әкімдері эпидемияға қарсы шараларды күшейтуге аса назар аударуы қажет. Ауру жұқтырған азаматтарды емдеу және вирустың таралуын төмендету жөніндегі қарқынды жұмысты, оның ішінде санитарлық нормаларды, маска кию режимін сақтау туралы түсіндіру науқанын жалғастыру керек",деді Асқар Мамин.